ШҰҒЫЛ! БАБАЛАР САЛҒАН САРА ЖОЛ... Толығырақ

ТАЛАПТЫҢ МІНІП ТҰЛПАРЫН...

16:32, 8 қараша 2018

РКС: Айтулы халықаралық байқау жоғары оқу орындарында экономика мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттер арасында өтті. Петр Столыпин атындағы Омбы мемлекеттік  аграрлық  университетінде өткен шараға  Ресейдің  атынан 8 жоғары оқу орны  қатысты. Олар Омбы, Новосібір, Перм, Барнауыл құрамалары. Ал Көкшетаулық гуманитарлық-техникалық академиясының «Таланттылар мен өршілдер тобы» командасы  Қазақстаннан  келген жалғыз  құрама болды.

СНХ: НҰРБОЛАТ КӨШЕКБАЕВ, ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ АКАДЕМИЯНЫҢ АҒА ОҚЫТУШЫСЫ/// Бізге бес аталымнан тұратын ойынның шартын ерте жіберді. Біз сол бойынша дайындалдық. Біздің мақсатымыз тек әділ –қазылар алқасына ғана емес, түгел оқытушылық құрамға әсер қалдыру, Және өз тобымызды, Қазақстанымызды абыроймен таныту болды. Бұл міндетті біз атқара алдық.///

РКС: Байқау шартына сай, әр тапсырма бірнеше кезеңнен тұрды. Алдымен құрамалар өздерін таныстырып, кейін қабырға газеті бойынша сынға түсті. Іскер ойын тақырыбы бойынша тестілеуден өтіп, жоба да қорғады. «Оқу үрдісінде нені өзгерту керек?» тақырыбында берілген  жағдаяты шешті. Осылайша студенттер ұйымдардың бизнес-үрдістерін оңтайландыруда қолдануға болатын білімді игерді.

СНХ: МҰХТАРБЕК ТҰШАНОВ, «ТАЛАНТТЫЛАР МЕН ӨРШІЛДЕР» ТОБЫНЫҢ КАПИТАНЫ///  Біздің тобымыз таланттылар мен өршілдер деп аталады. Ұранымыз: жылдамдық, драйв және өткірлік. Ойын жоғары деңгейде өтті. Шара жақсы ұйымдастырылған. Жаңа адамдармен танысып келдік.

РКС: Байқаудың төрешілері Омбы облысының жеке компаниялары мен мемлекеттік мекемелерінің жетекшілері, сондай-ақ Ресей мен Қазақстанның атақты ғалымдары болды. Жеңімпаздардың айтуларынша, ойын бір деммен өткен.

СНХ: АЛЕКСАНДРА ЧЕМЕЗОВА, «ТАЛАНТТЫЛАР МЕН ӨРШІЛДЕР» ТОБЫНЫҢ  МҮШЕСІ/// Біз шамамен  бір  айдай  дайындалдық.  Бізде  осы ойынға қатысты көп ақпарат болды.  Экономикалық тақырыпта баяндама  дайындадық.  Атап айтқанда, «ГорМолЗавод» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне арналған «Бизнес үрдістерін оңтайландыру» тақырыбында жаздық. Сондай-ақ Омбыда өзіміздің ұлттық өнімдерімізді көрсеттік.

РКС: Виктория Павленко, Айнұр Сейфуллина, Александра Чемезова, Алина Ниязбекова, Мұхтарбек Тұшанов. Гуманитарлық-техникалық академиясының дәл осы құрамасы облыс пен  республика  мәртебесін абыроймен қорғады.

АЙГҮЛ МЫРЗАҒАЛИҚЫЗЫ, ИВАН ДУБЕЙКО

Тақырып бойынша материалдар

ОРТАЛЫҚТАР ХАЛЫҚҚА 1 000 000 ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКЕН
18:58, 20 қараша 2018
ОРТАЛЫҚТАР ХАЛЫҚҚА 1 000 000 ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКЕН
Толығырақ...
БІЗДІҢ АЙКЕН – БАЙҚАУДЫҢ ҮЗДІК ПЕДАГОГЫ!
18:58, 20 қараша 2018
БІЗДІҢ АЙКЕН – БАЙҚАУДЫҢ ҮЗДІК ПЕДАГОГЫ!
Толығырақ...
ЖҮЗІ ЖАЙРАҢ, КӨҢІЛІ МЕЙРАМ- «ЖАЙДАРМАН»!
18:58, 20 қараша 2018
ЖҮЗІ ЖАЙРАҢ, КӨҢІЛІ МЕЙРАМ- «ЖАЙДАРМАН»!
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ШЕШЕНДІК ӨНЕР  ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ ҚАЙНАР КӨЗІ
18:28, 15 қараша 2018
ШЕШЕНДІК ӨНЕР ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ ҚАЙНАР КӨЗІ
Толығырақ...
БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ЖАҢА РЕФОРМАЛАР МЕН ЖАҢАРТЫЛҒАН МАЗМҰН
18:28, 15 қараша 2018
БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ЖАҢА РЕФОРМАЛАР МЕН ЖАҢАРТЫЛҒАН МАЗМҰН
Толығырақ...