ШҰҒЫЛ! ҚЫЗЫЛШАҒА ҚАРСЫ КҮРЕС Толығырақ

ТАЛҒАТ ТЕМЕНОВТЫҢ РЕЖИССЕРЛІК ЕТУІМЕН «ЖАУЫН ВАЛЬСІ» ЛИРИКАЛЫҚ ДРАМАСЫ САХНАЛАНБАҚ

19:29, 12 ақпан 2019

РКС: Талғат Теменовтың есімі қазақстандықтарға әсіресе, киноиндустрияда танымал. Ол кино саласында қоюшы режиссер ретінде аз уақыттың ішінде көрермендердің құрметіне бөленді. Оның «Қызғыш құс», «Махаббат станциясы»», «Менің күнәлі періштем» фильмдері қазақ киносының қорынан елеулі орын алған. Талғат Теменов театр саласында да өзінің ерекше дарынымен, талантымен ерекшеленеді. Шыңғыс Айтматов атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты, «Алтын адам» құрметті атағына  лайық деп танылған жан. Енді міне, көкшетаулық көрермендерді де өз өнерімен қуантпақ. Александр Вампиловтың «Тұңғыш ұл» лирикалық драмасын «Жауын вальсі» деген атаумен сахналап, өзіндік қолтаңбасын енгізіп отыр.

СНХ: ТАЛҒАТ ТЕМЕНОВ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ, БЕЛГІЛІ КИНО ЖӘНЕ ТЕАТР РЕЖИССЕРІ   // Ақмола облыстық орыс драма театрындағы үлкен бір жұмыс болады деп ойлаймын. Александр Вампилов тек орыстың ұлы драматургі ғана емес, әлемге аты жайылған талантты, дарынды өмірден ерте кеткен драматург. Оның спектакльдері тек ТМД емес, Америка Европада қойылған. Үлкен мәселе адамгершілік, тазалық, махаббат, достық осындай үлкен адами қасиеттер айтылады. Скл. ойымша, елдің, халықтың көкейінен шығатын қойылым болады деген үмітім бар. Сондықтан күндіз-түні барымызды салып жұмыс істеп жатырмыз. Театрға келіңіздер, театрда бас қосайық, қадірлі көкшелік достар!//

РКС: Өткен жылы Мәскеу театрында Вильям Шекспирдің «Отелло» драмалық спектаклін қойып, бас жүлдеге ие болған режиссер Талғат Теменов Ақмола облыстық драма театрының ұжымынан да көп үміт күтіп отыр. Оның ойынша, жас әртістер шыңдалып, ал, тәжірибесі мол кәсіби әртістер шеберліктерін арттыратын қойылым көкшетаулықтардың көңілінен шығады. Ал, әзірге спектакльдің қоюшы режиссері ретінде театр ұжымына өзінің талапшылдығын көрсетуде.

СНХ: БЕЙБІТ БАХТЫГЕРЕЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ОРЫС ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ, МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ   /// Біздің театр үшін, ұжым үшін Талғат Теменовтың жұмыс бастап спектакль қояйық деп ұсынысын өте қуанышпен, жылы қабылдадық. ....

СНХ: ЕЛЕНА ЛУКЬЯНОВА, ҚР МӘДЕНИЕТ ҚАЙРАТКЕРІ, РЕЖИССЕРДІҢ КӨМЕКШІСІ (РУСС)  

РКС: «Жауын вальсі» спектаклінде Андрей Сарафановтың рөлін тәжірибелі актер, Мәдениет қайраткері Виктор Крылов сомдамақ. Владимир Бусыгинді Андрей Радченко, ал басқа рөлдерді Ақан сері колледжінің студенттері ойнайды. Бұл олар үшін үлкен шеберлік мектебі болмақ. Айта кетейік, лирикалық драма бүгінгі өмірдің ащы шындығын бейнелейді. Бұл кәрі ата-ананың балаларына қажетсіз болып қалуы. Сондықтан қоюшы режиссер көрерменге драманың ішкі мазмұнын жеткізуді мақсат тұтып отыр. 

СНХ: ВИКТОР КРЫЛОВ, ҚР МӘДЕНИЕТ ҚАЙРАТКЕРІ, АКТЕР   // А. Вампилов это из великих режиссеров... Александр Вампиловты мен  ұлы режиссерлердің бірі деп санаймын. Оның пьесалары әлемдік сахналарда көрсетілуде. Енді осынау танымал пьесаны біз Талғат Теменов сияқты Қазақстандағы белгілі режиссермен сахналамақпыз. Мен өзім қаншалықты тәжірибелі актер болсам да, Талғат Теменов сияқты тәжірибелі, кәсіби режиссермен алғаш жұмыс істеп жатырмын. Өте қуаныштымын. Ол біздің дайындықтарымызға зор энергия беріп отыр. Біздің кәсіби актерлеріміз де, спектакльде ойнайтын колледждің жас актерлері де Талғат Теменовтың үлкен шеберлік мектебінен өтеді деп ойлаймын. Бұл оларға өмірлік сабақ болады. Егер барлық ұстаздар Талғат Досымғалиұлы сияқты болса, онда біздің жерден талантты актерлер шығып, білікті режиссерлер тәрбиеленіп шығар еді деп ойлаймын. ///

РКС: Спектакльдің премьерасы ақпанның 26-сы облыстық орыс драма театрында сахналанады. Әзірге қойылымға дайындық қызу жүріп жатыр. Айта кетейік. Талғат Теменов тек қазақстандық театр сахналарында ғана емес, Өзбекстан, Қырғызстан сияқты жақын шетелерде және Түркияда да режиссер ретінде өз өнерін паш етпек. Ал, киноиндустрияға келсек, Талғат Теменов «Зарина ханымның тарихы» атты ірі жобасына дайындық жүргізуде. Кинотүсірілімдер келісі жылы басталса да, ол бүгінде кастинг жариялап, актерлер құрамын анықтамақ.

БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ ЖЕМҚОРЛЫҚТАН АУЛАҚ БОЛУ ТИІС
18:17, 23 шілде 2019
БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ ЖЕМҚОРЛЫҚТАН АУЛАҚ БОЛУ ТИІС
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТЫҚ СОТ АЛАҢЫНДА «ӘДІЛЕТ» СПОРТ АЛАҢЫ АШЫЛДЫ
19:44, 17 шілде 2019
ОБЛЫСТЫҚ СОТ АЛАҢЫНДА «ӘДІЛЕТ» СПОРТ АЛАҢЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...
200-ДЕН АСТАМ  ЖАС САРБАЗ ӘСКЕРИ АНТ ҚАБЫЛДАДЫ
16:17, 22 шілде 2019
200-ДЕН АСТАМ ЖАС САРБАЗ ӘСКЕРИ АНТ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
КӨРНЕКТІ МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ МАҚТАЙ САҒДИЕВТІ ЕСКЕ АЛУ КЕШІ ӨТТІ
19:07, 18 шілде 2019
КӨРНЕКТІ МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ МАҚТАЙ САҒДИЕВТІ ЕСК...
Толығырақ...