ШҰҒЫЛ! ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖОЛМЕН ЖЕЛДЕТУ АППАРАТЫНЫҢ ЖАҢА ТҮРІ ШЫҒАРЫЛАДЫ Толығырақ

ТАМШЫНЫ ТОСЫП ТОРЫҚҚАН...

20:29, 3 шілде 2020

 

ДК: Апта бойы сіркелеп жауған жаңбырда көпқабатты тұрғын үйлердің төбесі сыр берген. Гагарин көшесі, 54-ші үйдің тұрғындары да жаңбыр суынан жапа шегіп отыр. Пәтер иелері төбе жабынының 7 сәуірдегі дауыл салдарынан бүлінгенін айтады. Арада үш ай уақыт өтсе де, құзырлы мекеме мен мердігер іске кіріспеген.

Интершум. су тамшылап тұр

РКС: Сәуірдегі дауылдан облыс орталығында 13 көпқабатты тұрғын үйдің шатыры аударылып, төбе жабыны желге ұшқан. Гагарин көшесі бойындағы бұл үйдің төбесіне жұмсақ жабын төселген. Жылдар бойы міз бақпай келген құрылыс материалын жел жұлып әкетіпті. Ұзамай тұрғын үй коммуналдық шаруашылық қызметкерлері мәселенің мән-жайын бағамдап, жөндеу жұмыстарына қаржы бөлуді ұйғарған.  

СНХ: НАДЕЖДА ДУДКИНА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ /// 00/20 Дауыл соққанда төбе жабынының қопарылып жатқанын анық естіп отырдым. Бұған дейін 7 жыл бұрын өз күшімізбен жөндеу жасаған едік. Бір тамшы су да тамбайтын еді. +  30 мамырда жөндейміз деді. Келмеді. Хабарлассақ 25 маусымға дейін деді. Ол да жоқ. 1-ші шілдеге қалдырдық деді. Енді хабарлассам тағы бір аптадан соң төбенің жабынын төсейміз дейді. Оған дейін қабырғалар мен төбені сыз басып, пәтеріміз адам тұрғысыз болып кетпей ме?!

РКС: Надежда Алексейқызы өзім де көп жыл мемлекеттік қызметте еңбек еттім, алайда, мұндай бейғамдықты еш түсіне алмадым, - дейді. Себебі, облыс аумағында дауылдан зардап шеккен өзге ғимараттардың дені қалыпқа келтірілген. Төбеден тамшылаған су салдарынан жалғызбасты зейнеткердің пәтерін әрлеген еңбегі де зая кетті. Мұндай жағдай жоғраы қабат тұрғындарының бәріне ортақ мәселеге айналған.

Интершум.

РКС: Тұрғын үйге «Дон» пәтер иелері кооперативі қызмет көрсетеді. Ұйым өкілдері жөндеу жұмыстары «Снаб.Көкше» компаниясына жүктелгенін мәлімдеді. Алайда, компания осымен екі ай бойы әне-міне жөндеу жүргіземіз деп келеді, ал жаңбыр суынан келген материалдық шығын көлемі күн санап артуда, - дейді тұрғындар.

АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ, ДАРХАН САҒЫН. «КӨКШЕ АҚПАРАТ».

 

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖОЛМЕН ЖЕЛДЕТУ АППАРАТЫНЫҢ  ЖАҢА ТҮРІ ШЫҒАРЫЛАДЫ
19:39, 13 тамыз 2020
ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖОЛМЕН ЖЕЛДЕТУ АППАРАТЫНЫҢ ЖАҢА ТҮРІ ШЫҒАРЫЛ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРОВИЗОРЛЫҚ СТАЦИОНАРДАН СОҢҒЫ СЫРҚАТ ЕМДЕЛІП ШЫҚТЫ
19:56, 7 тамыз 2020
ПРОВИЗОРЛЫҚ СТАЦИОНАРДАН СОҢҒЫ СЫРҚАТ ЕМДЕЛІП ШЫҚТЫ
Толығырақ...
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУ БОЙЫНША ҮЗДІК БЕСТІККЕ ЕНГЕН
20:01, 7 тамыз 2020
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУ БОЙЫНША ҮЗДІК БЕСТІККЕ...
Толығырақ...
ЖОСПАРЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ
20:04, 7 тамыз 2020
ЖОСПАРЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ
Толығырақ...