ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ» АТТЫ МАҚАЛАСЫ Толығырақ

ТАРИХИ САНАНЫ ЖАҢҒЫРТУ – БАСТЫ МАҚСАТ

14:23, 6 желтоқсан 2018

РКС: Мақаланың екінші бөлімі «Тарихи сананы жаңғырту» деген атаумен шықты. Қазақ халқының тарихына, мәдениетіне тереңірек үңіліп, оны қайта жаңғыртуда, әрине, архивтердің алатын орны ерекше. Осы орайда, Елбасы «Архив – 2025» жетіжылдық бағдарламасын ұсынады. Аталмыш бағдарлама Қазақстан архивтерінде бар тарихи деректерді тереңірек зерттеп қана қоймай, шет елдердің архивтерінен де құнды деректерді іздестіріп, жинап, оны халыққа жеткізуге бағытталған.   

СНХ: НӘЗИРА КУКУШЕВА, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ АҒА ОҚЫТУШЫСЫ /// Бұл мақала біздерге, яғни, тарихшыларға, архив қызметінің қызметшілерімен бірлесіп іргелі зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді. Қазақстан бүгінде мемлекеттік және ұлттық даму деңгейінде, ал тарих болса елдің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы байланысты үзбейге мүмкіндік береді. Елбасының «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақалалары туған жердің тарихын, қазақ халқының тарихы мен мәдениетін тереңірек зерттеуге мүмкіндік береді.  

РКС: Ақмола облыстық мемлекеттік архивінің қызметкерлері «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында 5 архивке барып, тәжірибе алмасып, зерттеу жұмыстарын жүргізген. «Архив - 2025» бағдарламасы аясында бұл жұмысты одан әрі жетілдіріп, архив саласын дамытуға, қорды кеңейтуге үлкен мүмкіндік туып отыр. 

СНХ: ГҮЛІМ РАХЫМЖАНОВА, АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІНҢ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ /// Елбасы мақаласы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының заңды жалғасы болып саналады. Бұл еліміздің тарихын терең білу үшін, жаңғыртуүшін жарияланған мақала. Бұл бағдарлама архив саласының дмуына үлкен көмек көрсетеді деп ойлаймын. Өйткені, көптеген құжаттар, зерттелмеген еңбектер бар, соның барлығы Елбасымыздың бағдарламасының аясында іске асады деп ойлаймын.

РКС: Бүгінде Ақмола облыстық мемлекеттік архивінде 19 ғасырдан келе жатқан құжаттар сақталған. Аталмыш құжаттардың халыққа қолжетімділігін арттыру үшін бүгінде олар  біртіндеп электронды форматқа көшірілуде.

ӘЙГЕРІМ МЕРЕКЕҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. МӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚ НЕГІЗІ
14:16, 13 желтоқсан 2018
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. МӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚ НЕГІЗІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ БОЙЫНША АЛҒАШҚЫ ЖЕКЕМЕНШІК АГЕНТТІК ҚҰРЫЛДЫ
18:18, 7 желтоқсан 2018
ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ БОЙЫНША АЛҒАШҚЫ ЖЕКЕМЕНШІК АГЕНТТІК ҚҰРЫЛДЫ
Толығырақ...
 «АҚМОЛА – АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІ АШЫЛДЫ
19:53, 6 желтоқсан 2018
«АҚМОЛА – АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІ АШЫЛДЫ
Толығырақ...
 «АҚИҚАТ ЖОЛЫНДА».  БОТАГӨЗ БИЖАНОВАНЫ ЕСКЕ АЛУ КЕШІ
18:18, 7 желтоқсан 2018
«АҚИҚАТ ЖОЛЫНДА». БОТАГӨЗ БИЖАНОВАНЫ ЕСКЕ АЛУ КЕШІ
Толығырақ...