ШҰҒЫЛ! БАБАЛАР САЛҒАН САРА ЖОЛ... Толығырақ

ТАСҚЫНҒА – ТОСҚЫН!

14:32, 16 сәуір 2018

РКС: Аймақ басшысы Аршалы, Целиноград және Астрахан аудандарындағы жағдайды тікұшақпен бақылады. Бір қуантарлығы, биыл қар былтырғыдан аз мөлшерде түсті. Бүгінде облыс бойынша қар жамылғысы 13 пайызды құрайды.  Оның көп бөлігі алқаптарда, жоталар мен ормандарда. Дегенмен, аудандардағы өзендердің кейбір бөліктеріне судың келуі байқалады. Бірақ, жағдай бақылауда.

СНХ: АЛЕКСЕЙ СОВЕТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТТІҢ БАСТЫҒЫ (РУСС) // Ақмола облысының әкімімен бірге, бірқатар аудандардағы жағдайды тікұшақпен бақыладық. Жалпы, жағдай тұрақты. Қар еріген. Өзендерге судың келіп жатқаны байқалады. Жағдай бақылауда.

РКС: Облыс әкімі Атбасар ауданына ат басын бұрып, қазіргі жағдаймен танысты. Жабай өзеніндегі судың деңгейі 13-ші сәуірде 3 жарым  метрге дейін көтерілген. Қауіпті мөлшер 3,45 метр болатын. Мамандар су тасқыны қаупінің болғанын айтады. Десек те, төтенше жағдай қызметкерлерінің бірлескен жұмысының нәтижесінде, тасқын судың алдын алуға мүмкіндік туындады. Зардап шеккендер жоқ. Қазір жағдай тұрақты.

СНХ:  АМАНБЕК ҚАЛЖАНОВ, АТБАСАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ (РУСС) // Жабай өзеніндегі судың деңгейі 3 жарым метрге дейін көтеріліп, су тасқынының қаупі туындады. Өткен жылы 6 метрге дейін көтерілген болатын. Барлық қызмет тасқын судың алдын алуға жұмылдырылды. Соның есебінен жағдай тұрақталды. Қазір қауіп жоқ деп айта аламыз.

РКС: Атбасар ауданында арнайы 4 шұғыл штаб жұмыс істеуде. 20-шы ақпаннан бастап кезекшілік ұйымдастырылған. Көкшетаудан 150-ге жуық құтқарушы тартылған. Қауіпті аймақтарға 18 гидротехникалық бекеттер орнатылды. Сонымен қатар, аулалардағы суды шығару, мұзды жару жұмыстары жүргізілген.

СНХ: АМАНБЕК ҚАЛЖАНОВ, АТБАСАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ (РУСС) // Қауіпті деген аймақтардың барлығы бақылауға алынды. Кезекшілік ұйымдастырылды. Сонымен қатар, күз-қыз айдарында су тасқынының алдын алу үшін кешенді шаралар өткізілген болатын. Қазір соның есебінен жағдайды бақылауда ұстауға мүмкіндік бар.

РКС: Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин Атбасар ауданында былтырғы көктемгі су тасқынынан зардап шеккендерге салынып жатқан 45 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысымен танысты. Өткен жылы Атбасар ауданында 600-ден астам үйді су басып қалған. Оның 400-ге жуығы тұруға жарамсыз болды. Қазір тұрғындар үшін 6 тұрғын үй салынып жатыр. Ақмола облысының әкімі құрылыс жұмыстарының сапасына мән беріп, тұрғын үйлерді уақытылы пайдалануға беруді тапсырды.

Нұргүл Нұрбайқызы

Тақырып бойынша материалдар

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. ТУҒАН ЖЕРІҢ – ТҰҒЫРЫҢ!
15:12, 18 қазан 2018
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. ТУҒАН ЖЕРІҢ – ТҰҒЫРЫҢ!
Толығырақ...
ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ. БІЛІМ САПАСЫ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТТАРҒА
15:12, 18 қазан 2018
ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ. БІЛІМ САПАСЫ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТТАРҒА
Толығырақ...
ТҰРАҚТЫ ДАМУҒА БАҒЫТТАЛҒАН БЕС БАСТАМА
15:12, 18 қазан 2018
ТҰРАҚТЫ ДАМУҒА БАҒЫТТАЛҒАН БЕС БАСТАМА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ. ӨҢІРДЕГІ ӨРЕЛІ ІСТЕР ҮРДІСІ
17:58, 12 қазан 2018
ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ. ӨҢІРДЕГІ ӨРЕЛІ ІСТЕР ҮРДІСІ
Толығырақ...