ШҰҒЫЛ! 4 БАЛАНЫҢ АНАСЫ АТА-АНА ҚҰҚЫҒЫНАН АЙЫРЫЛДЫ Толығырақ

ТАСҚЫНҒА ТОСҚЫН! ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТАЛДЫ

15:44, 21 сәуір 2017

Атбасар ауданындағы жағдай тұрақталып келеді. Апатты жағдай тудырған Жабай өзені қалыпты арнасына түсіп, су деңгейі 3 жарым метрге дейін төмендеген. Ауданда тасқын салдарымен күрес шаралары жүргізілуде. Арнайы штаб жұмысының барысымен әріптесім Ауғанбек Манарбекұлы танысып қайтты.

Су шайған аумақта қызу жұмыс жүргізілуде. Төтенше жағдай қызметкерлері 100-ден астам үйді қызыл судан арылтса, жергілікті полиция қызметкерлері 24 сағат бойы иен қалған үйлерді күзетуде. Топан сумен күрес штабында да қызу қарбалас. Мұнда азаматтарға келтірілген шығын көлемін анықтау мақсатында құжат қабылдау жұмысы жүргізіліп жатыр. Штаб жетекшісінің айтуы бойынша жұмыстың басым бөлігі атқарылған.

Атбасар ауданындағы жағдай тұрақталып келеді. Алайда, алда атқарылар міндеттер көп. Жаңа баспаналар салынып, жарамды үйлерге жөндеу жұмыстары аяқталғанша азаматтар барлық әлеуметтік, материалдық мұқтаждықтарынан таршылық көрмеуі тиіс. Осы мақсатта өңір басшысы су тасқынымен күрес штабының жиынын өткізіп, тиісті нұсқаулар берді.

Иә, қалыс қалған ешкім жоқ. Республиканың барлық өңірлерінен гуманитарлық көмек керуендері келіп жатыр.  Қолда барыммен қолғабыс қыламын,- деген азаматтар жергілікті қоғамдық бірлестіктер мен атқарушы билік өкілдеріне жүгіне алады.

Ауғанбек Манарбекұлы, Бауыржан Смағұлов

Тақырып бойынша материалдар

БОЛАШАҚ ҚҰТҚАРУШЫЛАР БОЗ КІЛЕМДЕ БЕЛДЕСТІ
12:56, 24 қазан 2017
БОЛАШАҚ ҚҰТҚАРУШЫЛАР БОЗ КІЛЕМДЕ БЕЛДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КООПЕРАТИВТЕРІНІҢ  ТИІМДІЛІГІ
19:17, 17 қазан 2017
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КООПЕРАТИВТЕРІНІҢ ТИІМДІЛІГІ
Толығырақ...
БИЛЕР БИЛІГІ – ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ СОТ ЖҮЙЕСІНІҢ НЕГІЗІ
21:08, 20 қазан 2017
БИЛЕР БИЛІГІ – ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ СОТ ЖҮЙЕСІНІҢ НЕГІЗІ
Толығырақ...