ШҰҒЫЛ! АС ҮЙ ПЫШАҒЫМЕН КІСІ ӨЛТІРГЕН 34 ЖАСАР АЙЫПТАЛУШЫҒА СОТ ҮКІМІ ШЫҚТЫ Толығырақ

ТАЗА ТАБИҒАТ – САЛАУАТТЫ ҰРПАҚ!

19:54, 17 шілде 2017

«Технодом» дүкендер жүйесінің қызметкерлері Көкшетау қаласының төңірегінде эко-жорық ұйымдастырды. Жобаға 70-тен астам компания өкілі қатысып,тұрғындарды туған өлкенің тазалығын сақтауға шақырды.

«Технодом» дүкендер жүйесінің қызметкерлері Көкшетау қаласының төңірегінде эко-жорық ұйымдастырды. Жобаға 70-тен астам компания өкілі қатысып,тұрғындарды туған өлкенің тазалығын сақтауға шақырды. Акцияның  алғашы күні-ақ 50- ден астам қап күл-қоқыс шығарылды. Бірақ жұмыс ауқымы мұнымен тоқтар емес, алда мұндай шара жалғасын таппақ.

Бұдан бөлек, 2015 жылдан бастап «Технодом» дүкендер жүйесінде эко-қағаз пакеттері сатылымға шыққан болатын, енді бүкіл  Қазақстан бойынша эко-бокстар орнатылып, электр күл-қоқыстары кәдеге жаратылатын болады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, пластикалық бөтелкелерді пайдалану және оны дұрыс жоймау қоршаған ортаға зардабын тигізуде, бұл 21 ғасырдағы күрделі мәселенің бірі болып отыр.

Айта кететін жәйт, Қазақстанда «жасыл экономикаға» көшу туралы заң қабылданған.Осы заң шеңберінде қалдықтарды басқару жүйесін жаңғырту қарастырылған. Бірнеше жыл бұрын Алматы облысында бастау алған ауқымды  іс-шараның тізгінін  Көкшетау қаласының «Технодом» дүкенінің қызметкерлері де  зор құлшыныспен қабылдады.

Базар сыртында орналасқан шоқыны   енді облыс орталығының тағы бір таза бұрышы деп санауға да болады.  Алда атқарылар жұмыс ауқымды, белсенділер қоғам назарын экологиялық түйткілдер мен қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне бір сәтке болса да аудартқандарына разы.  

ЖАНСАЯ ҚАЙЫПОВА, ТАТЬЯНА СМОЛЯКОВА

Тақырып бойынша материалдар

ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ ӨЗЕГІ – ТУҒАН ТІЛ!
19:48, 21 қыркүйек 2017
ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ ӨЗЕГІ – ТУҒАН ТІЛ!
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«БАСТАУ-БИЗНЕС»  ЖОБАСЫ  143  КӘСІПКЕРДІ  ҚОЛДАДЫ
19:39, 15 қыркүйек 2017
«БАСТАУ-БИЗНЕС» ЖОБАСЫ 143 КӘСІПКЕРДІ ҚОЛДАДЫ
Толығырақ...
ЖЕР МЕН МҮЛІК САЛЫҒЫН ӨТЕУДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР
19:27, 15 қыркүйек 2017
ЖЕР МЕН МҮЛІК САЛЫҒЫН ӨТЕУДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР
Толығырақ...