ШҰҒЫЛ! АС ҮЙ ПЫШАҒЫМЕН КІСІ ӨЛТІРГЕН 34 ЖАСАР АЙЫПТАЛУШЫҒА СОТ ҮКІМІ ШЫҚТЫ Толығырақ

«ТАЗА ЖАҒАЛАУ» РЕЙДТІК ШАРАСЫ ЖАЛҒАСУДА

18:44, 19 мамыр 2017

Ақмола облыстық жергілікті полициясының табиғатты қорғау бөлімшесі ауданаралық аңшылар мен балықшылар қоғамымен бірлесе отырып, «Құқық тәртібі» жедел-алдын-алу шарасының шеңберінде «Таза жағалау» акциясын ұйымдастырды.

Ақмола облыстық жергілікті полициясының табиғатты қорғау бөлімшесі ауданаралық аңшылар мен балықшылар қоғамымен бірлесе отырып, «Құқық тәртібі» жедел-алдын-алу шарасының шеңберінде «Таза жағалау» акциясын ұйымдастырды. Шағалалы су қоймасы аумағындағы қоқыстарды тазалау жұмыстары жүргізілді.  
Облыс әкімінің бастамасымен 17-ші сәуірден бастау алған көгалдандыру мен тазалық айлығы шеңберінде аймақта түрлі бағыттағы іс-шаралар кешені жүргізілуде. Шараға қатысушылар көл жағасында қыс бойы жиналған қоқысты тазартты. Соымен бірге полция қызметкерлері Қытай елінде шығарылған, бүгіндері қолдануға тыйым салынған синтетикалық ауларды көлден тазартып, өртеу жұмыстарын да атқарды. Көгалдандыру мәселесіне қатысты да бірқатар келеңсіздіктерге жол берілген. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 505-ші бабына сәйкес 2617  әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, 500 мың теңгеден астам айыппұл салынған. Сонымен қатар 2 мыңнан астам ескерту  жасалған. Бұлардың барлығы табиғат-Ананы аялауға қатысты атқарылып жатқан шаруа.   
Бексұлтан Әбілсерікұлы, Василий Вережников

 

Тақырып бойынша материалдар

ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ ӨЗЕГІ – ТУҒАН ТІЛ!
19:48, 21 қыркүйек 2017
ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ ӨЗЕГІ – ТУҒАН ТІЛ!
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«БАСТАУ-БИЗНЕС»  ЖОБАСЫ  143  КӘСІПКЕРДІ  ҚОЛДАДЫ
19:39, 15 қыркүйек 2017
«БАСТАУ-БИЗНЕС» ЖОБАСЫ 143 КӘСІПКЕРДІ ҚОЛДАДЫ
Толығырақ...
ЖЕР МЕН МҮЛІК САЛЫҒЫН ӨТЕУДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР
19:27, 15 қыркүйек 2017
ЖЕР МЕН МҮЛІК САЛЫҒЫН ӨТЕУДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР
Толығырақ...