ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ДӘРІ-ДӘРМЕК ТАПШЫЛЫҒЫ ЖОҚ Толығырақ

ТЕГІН БЕРІЛЕТІН ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕРДІҢ САНЫ АРТТЫ

18:24, 15 қаңтар 2020

ДК: Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында елімізде тегін дәрі-дәрмектердің саны артты. Олар ересектерге және балаларға арналған деп бөлінеді. Сонымен қатар, тегін дәрі-дәрмекке енді 18 жасқа дейінгі балалардың бәрі ілігеді. Жаңа жүйенің тиімділігі жөнінде әріптесім Бибінұр Әмірханқызы тарқатады.  

РКС: Міндетті медициналық сақтандыру жүйесінің енуімен тегін берілетін дәрі-дәрмектің саны екі-үш есе артты. Яғни, бұрын 48 түрлі ауру бойынша дәрі-дәрмектің 280 аталымы тегін берілсе, бүгінде 140 ауру бойынша дәрінің 620 аталымы қолжетімді болмақ.

СНХ: САЯТ ТОЛЫҚБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ   ///аударма: Тегін берілетін дәрілер тізімі екіге бөлінді. Дәрінің 288 аталымы кепілдендірілген медициналық қызмет бойынша, 332-сі міндетті сақтандыру бойынша беріледі. Соңғысы ішінара балаларға және ересектерге деп тағы екіге бөлінген. Жаңашылдықтың енді бірі, бұрын 5 жасқа дейінгі балаларға дәрі-дәрмек тегін беріліп келсе, енді бұл мүмкіндікке 18 жасқа толмағандардың бәрі ілігеді.///

РКС: Балаларға тегін берілетін дәрілер қатарына антибиотиктер, қабынуға және аллергияға қарсы дәрілер қосылып отыр. Яғни, балалар жиі ауыратын өткір респираторлық аурулар, синусит, аллергиялық ринит сияқты дерттерге енді қалтаңыздан ақша шығармайсыз,-дейді мамандар.

СНХ: САЯТ ТОЛЫҚБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ ///аударма: Бірыңғай дистрибьютор «СК Фармациямен» медициналық ұйымдарға тегін дәрі-дәрмектер жөнелтілуде. Осы аптада дәрігердің рецептісі бойынша дәрілерді алып жатыр. Медициналық ұйымдарда ол үшін арнайы ашылған дәріханалар жұмыс істеп тұр.///


РКС: Міндетті медициналық сақтандырудың тиімді тұстары көп. Ең бастысы, жоғары технологиялық медициналық көмек қолжетімді болады. Оның үстіне қалта шығыны азаяды. Себебі, дертті анықтау үшін қажет қымбат зертханалық анализдер мен компьютерлік томография, магнитті-резонансты томография, ультрадыбыстық зерттеулерден әр азамат қыруар қаржы үнемдейтін болады.

СНХ: ШАНХИ ГОЛУБЕВА, МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ САРАПШЫСЫ 

Міндетті әлеуметтік сақтандырудың тиімділігін әр азамат білуі тиіс. Яғни, медициналық қызмет көрсету оның қорға түсірген қаржысына байланысты болмайды. Науқасты қайта оңалту бойынша 3-ші кезеңі де тегін жүргізіледі. Яғни, үйге емделіп шыққан науқас әлі де медициналық көмекке зәру болса, оған тегін қызмет көрсетіледі. Сонымен қатар қолында учаскелік дәрігердің жолдамасы бар әр азамат өзі қалаған медициналық ұйымда ем алуына болады. Тек сол ұйымның медициналық сақтандыру қорымен келісімшарты болса болғаны. ///

РКС: Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі туралы заң бүгінде өз күшіне енгенмен, науқастарды жаңа жүйе бойынша қабылдау сәуір айында жүзеге асырылмақ. Себебі, қазірде медициналық ұйымдардың сақтандыру қорымен келісім-шартқа отыру рәсімдері жүруде.

БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ, САБЫРБЕК ҚҰЛАТАЙ КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖАҢА ӘЛЕМДІ АШУҒА МҮМКІНДІГІ БАР
19:20, 26 қазан 2020
СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖАҢА ӘЛЕМДІ АШУҒА МҮМКІНДІГІ БАР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...
23  ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
18:24, 23 қазан 2020
23 ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...
ОБЛЫС АУМАҒЫНДА АУА РАЙЫ КҮРТ БҰЗЫЛУЫ МҮМКІН
18:20, 22 қазан 2020
ОБЛЫС АУМАҒЫНДА АУА РАЙЫ КҮРТ БҰЗЫЛУЫ МҮМКІН
Толығырақ...