ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫ МӘЛІМДЕМЕСІ: СИРИЯДА ТЕРРОРИСТЕРДІҢ ТҰТҚЫНЫНА ТҮСКЕН 47 АЗАМАТЫМЫЗ ЕЛГЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

ТЕГІН МЕДИЦИНА – ХАЛЫҚ ИГІЛІГІНЕ!

18:35, 11 шілде 2018

РКС:  Бүгінде қорға келіп түскен 80 млрд теңгенің  89,5 пайызы жұмыс берушілердің, ал қалған пайызы жеке кәсіпкерлердің төлеген жарнасынан тұрады. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры филиалының директоры айтулы қордың бүгінгі қызметімен таныстырды. Сондай-ақ  міндетті медициналық сақтандыруды енгізуде бірқатар өзгерістер орын алғандығын атап өтті.

СНХ:   НҰРЛАН АҚЫЛБЕКОВ, ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ/ Егер заң жүзінде айтар болсақ, ҚР-ның 2017 жылғы 25 желтоқсанда қабылданған заңына өзгеріс енгізіліп, міндетті әлеуметтік  медициналық сақтандыруды енгізу 2018 жылдан 2020 жылға ауыстырылды. Сондықтан осы жылдың 1 қаңтарынан бастап біздің қор тегін медициналық көмек бойынша бірыңғай төлемшілермен жұмыс істейді. Яғни, барлық қаржы қазір біздің қорға жиналған. Біз мемлекеттік тегін медициналық қызметке төлем жасаймыз.

РКС:  Бұдан бөлек тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі сөз болды. Тегін медициналық көмекке  жедел медициналық көмек пен санитарлық авиация, алғашқы медициналық-санитарлық көмек, шұғыл стационарлық және паллиативті көмек. Ал туберкулез, психикалық ауытқу, қатерлі жаңа түзілу мен созылмалы дертке шалдыққандар, қоршаған ортаға қауіп төндіретін аурулар үшін консультативтік-диагностикалық қызмет, жоспарлы стационарлық көмек тегін көрсетіледі.

АЙГҮЛ  МЫРЗАҒАЛИҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

 «ЖАҢА МЕКТЕПКЕ – ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ
18:59, 14 наурыз 2019
«ЖАҢА МЕКТЕПКЕ – ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ
Толығырақ...
ПАУЭРЛИФТИНГ. КОМАНДА ҚОРЖЫНЫНДА 9 МЕДАЛЬ
15:10, 14 наурыз 2019
ПАУЭРЛИФТИНГ. КОМАНДА ҚОРЖЫНЫНДА 9 МЕДАЛЬ
Толығырақ...