«ТЕХНОДОМ» - ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР ӘЛЕМІ!

«Технодом» дүкенінен ағымдағы жылдың сәуір айында белгілі бір тауарды несиеге алған ақмолалық тұрғындар қарыздарын қайтармауларына болады! Олардың берешек сомасын енді «Технодом» дүкені өз мойнына алады.

18:58, 21 сәуір 2017   206

«Технодом» дүкенінен ағымдағы жылдың сәуір айында белгілі бір тауарды несиеге алған ақмолалық тұрғындар қарыздарын қайтармауларына болады! Олардың берешек сомасын енді «Технодом» дүкені өз мойнына алады. Яғни, несиені өтеуден босатылады. Бұл - «Біздің есебімізге – 100 несие!» акциясының аясында мүмкін болып отыр. Айта кетейік, «Технодом» дүкендер желісі мен «Хоум Кредит» Банкі қазір ел аумағында дәл осындай атаумен арнайы шара өткізуде.

Мамандардың айтуынша, аталған акцияға кез-келген тұрғын қатыса алады. Ол үшін «Технодом» дүкеніне келсе болғаны. Бұл жерде өзі қалаған дүниесін таңдап алып, оған несие рәсімдейді. Содан кейін тұтынушы автоматты түрде акция қатысушысы атанады. Тек бір талабы – қажетті затын ағымдағы жылдың сәуір айында несиеге алу керек.

Несиеге алатын заттардың көлемі мен түрлеріне шектеу қойылмаған. Дүкен сатылымында тұрған кез-келген тауарды таңдауға болады. Несие рәсімдеген тұтынушы бірден «Хоум Кредит» Банкінің базасына алынады. Ол жерде күн сайын ұтыс ойнатылады. Нәтижесінде, жеңімпаз деп танылған азаматтар қарызын өтеген болып есептеледі.

Айта кетерлігі, акцияның ережесіне сай, күн сайын республика бойынша сәтті санға тап болған 25 адам несиені өтеуден босатылады. Бүгінге дейін Ақмола облысында 3 адам осындай тамаша мүмкіндікке ие болды.

Бұл шара сәуір айының соңына дейін жалғасады. «Технодом» дүкендер желісіне келіп, акцияға қатысыңыздар! Өздеріңіздің мүмкіндіктеріңізді жіберіп алмаңыздар! Жаңа мүмкіндіктер әлемі - «Технодом» әрдайым сіздер үшін қызмет етеді!

Нұргүл Нұрбайқызы, Арман Балбергенов

«Қазақстан-Көкшетау» телеарнасының ресми сайты

020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Куйбышев көшесі, 19 үй Байланыс телефондары: 8 (716 2) 40-13-75