ШҰҒЫЛ! ҚАРҚЫНДЫ ДАМУ. ӨРКЕНДІ ІС. АЙШЫҚТЫ БАҒЫТ Толығырақ

«KÓKSHE» ТЕЛЕАРНАСЫНА ЖАҢА ДИРЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ ​​

18:51, 13 ақпан 2020

«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамы Ақмола облыстық филиалының жаңа директоры таныстырылды. Аталмыш мекеменің басшылығында 3 жылдай қызмет атқарған Әлібек Татановтың орнына Ерлан Атамбай жайғасты.

Ерлан Атамбай 1974 жылы 19- шы қарашада Қарағанды қаласында дүниеге келген. Евней Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің журналистика мамандығын бітірген. Бұқаралық ақпарат құралдары саласында 20 жылға жуық тәжірибесі бар, білікті маман. Жаңа басшыны телеарна ұжымына «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамы Басқарма төрайымының орынбасары Ержанар Әшейхан мен Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мүсірәлімова таныстырды.   

ЕРЖАНАР ӘШЕЙХАН, «ҚАЗАҚСТАН» РТРК» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАЙЫМЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Жалпы, тележурналистиканы білетін, тележурналистикаға қатысы бар адамдар бұл есімді жақсы біледі. Соңғы қызметі біздің корпорациядағы ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясының директоры, 31 арнада қызмет атқарған. Президент әкімшілігі ақпараттық саясаты қандай талап қоятынын біледі, Министірлік тарапынан талап қандай бәрін білетін маман. Сол себепті, Көкше жеріндегі телеарнаны алға жетелеуге бір кісідей атсалысады деген сеніммен әкеліп отырмыз.    

 Ерлан Нұрбайұлы еңбек жолын 2001 жылы «31 арнаның» жаңалықтар тілшісі ретінде бастаған. 2003 жылы  «Азаттық» радиосында, 2007 жылдан бастап «Астана» телеарнасында тілші, 2010 жылы «Астана» телеарнасы жаңалықтар қызметінің қазақша редакциясының жетекшісі, 2013 жылдан бері «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамы ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясының директоры  болып табысты еңбек еткен. Мемлекеттік және жеке бағыттағы қызметтердің қыр-сырын жақсы меңгерген білікті маман.  

ЕРЛАН АТАМБАЙ, «ҚАЗАҚСТАН» РТРК» АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Бұл салада еңбек етіп жатқаныма біраз уақыт болды. Бұл мен үшін тағы бір белес, сынақ деп санаймын. Орталықтан келгенмен де тележурналистиканың алғашқы қадамдарының қалай басталатынын, барлық сатысын көріп өскенбіз. Сол тәжрибелерді өздеріңізбен бөлісіп, Көкше өңірінің журналистикасын көтеру үшін бар үлесімізді қосамын.

 Ұжымды 3 жыл басқарған Әлібек Жартайұлына атқарған жемісті жұмысы үшін  «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамы басқарма төрайымы Ләззат Тынысбай мен Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың атынан алғыс хат табысталды. Сонымен қатар, қызметте  бір қазанда біте қайнасқан «Көкше» телеарнасының ұжымы иығына қазақы дәстүрге сай шапан жауып, алдағы қызметтік жолына табыс тіледі.     

БАЙБОЛАТ ЕРҚАНАТ , ЕРМЕК МАХМЕТОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

ӘЛЕУМЕТТІК САЛАҒА ЕКПІН ЕРЕКШЕ БОЛМАҚ
21:36, 14 ақпан 2020
ӘЛЕУМЕТТІК САЛАҒА ЕКПІН ЕРЕКШЕ БОЛМАҚ
Толығырақ...
 ОБЛЫСТАҒЫ 6 БІЛІМ ОШАҒЫНДА ҮШ АУЫСЫМДА ОҚУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ
19:41, 14 ақпан 2020
ОБЛЫСТАҒЫ 6 БІЛІМ ОШАҒЫНДА ҮШ АУЫСЫМДА ОҚУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕД...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«KÓKSHE» ТЕЛЕАРНАСЫНА ЖАҢА ДИРЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ ​​
18:51, 13 ақпан 2020
«KÓKSHE» ТЕЛЕАРНАСЫНА ЖАҢА ДИРЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ ​​
Толығырақ...
СУ ДОБЫНАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІРІНШІЛІГІНЕ ДАЙЫНДЫҚ ЖҮРІП ЖАТЫР
15:31, 12 ақпан 2020
СУ ДОБЫНАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІРІНШІЛІГІНЕ ДАЙЫНДЫҚ ЖҮР...
Толығырақ...