ШҰҒЫЛ! БІЗДІҢ ДӘРІГЕРЛЕР БІРЕГЕЙ ОТА ЖАСАДЫ Толығырақ

ТЕМІРДЕН ТҮЙІН ТҮЙГЕН ТРИФОНОВ

19:27, 18 мамыр 2017

Біздің келесі сюжетіміз темірден түйін түйген ерекше әуесқой иесі жайлы болмақ.

Біздің келесі сюжетіміз темірден түйін түйген ерекше әуесқой иесі жайлы болмақ. Көкшетау қаласының іргесінде орналасқан Красный Яр кентінің тұрғыны Геннадий Трифонов  4 жылдан бері металлдан түрлі мүсіндер жасайды. Ең қызығы туындылардың басым бөлігі кино, мультфильм кейіпкерлері.  Бүгінде шебердің  шаңырағы  сол маңдағы кішкентай балалардың мұражайына айналған.

Бала кезінен қалам, қайшы, пышақ, әшекейлер жасауды бастаған Геннадий Трифонов қарапайым құрылысшы. Жұмыстан тыс уақытта металдардан мүсін  жасауды ұнатады.  Туындылардың  басым бөлігі киноның басты кейіпкерлері. Мәселен, терминатор, трансформер, жыртқыш, қолтырауын, сондай-ақ құстар мен техникалар да  бар. Ал бұларды жасау үшін шеберге бар болғаны дәнекерлеу құрылғысы ғана қажет.

Әуесқой жан туындыларын ешқашан сатып көрмепті, тек жақындарына  сыйға тартады екен.  Бүгінде мына кішкентай жыртқышты аяқтау үстінде. Алдағы уақытта трансформердің ең үлкенін жасамақ. Металл көп болса, жоспарда жетерлік дейді ол.

Шебердің айтуынша, жұбайының да он қолынан өнері тамған ісмер. Жіптен  әдемі бейнелермен қатар қабырға суреттерін де тоқиды. Еңбекқор да, ерекше дарын иелері  бұл әуестікті жанды жадыратып, миды тынықтыратын сүйікті істері ретінде санайды.   

Раушан Сайлауқызы, Марат Ахметжанов 

Тақырып бойынша материалдар

ЭСТРАДАЛЫҚ-ҮРМЕЛІ АСПАПТАР ОРКЕСТРІНЕ – 35 ЖЫЛ!
18:36, 17 қараша 2017
ЭСТРАДАЛЫҚ-ҮРМЕЛІ АСПАПТАР ОРКЕСТРІНЕ – 35 ЖЫЛ!
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ - БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІК ҚАҒИДАСЫ
14:44, 17 қараша 2017
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ - БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІК ҚАҒИДАСЫ
Толығырақ...
БІЗДІҢ ДӘРІГЕРЛЕР БІРЕГЕЙ ОТА ЖАСАДЫ
14:45, 17 қараша 2017
БІЗДІҢ ДӘРІГЕРЛЕР БІРЕГЕЙ ОТА ЖАСАДЫ
Толығырақ...