ШҰҒЫЛ! 73 МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІНІҢ ЛАУАЗЫМЫ ЖОҒАРЫЛАДЫ Толығырақ

ТЕМІРЖОЛШЫЛАР ӘЗІЛ АЛАҢЫНА ШЫҚТЫ

21:12, 11 қазан 2017

 «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы өз жастарының кәсіби дағдыларын жақсартуға, ұжымдық рухын көтеруге бағытталған «Жастар саясаты» бағдарламасын қолға алып, түрлі байқаулар мен жобаларды іске асыруды әдетке айналдырған. Мәселен, теміржолшы жастар арасында өткізілетін көңілді тапқырлар клубының лигасы осымен 5-ші жыл қатарынан ұйымдастырылуда. Аймақаралық лига Қазақстанның солтүстік, шығыс, оңтүстік және батыс өңірлерінде орналасқан 4 қалада өткізілуде.

7 адамнан тұратын әр топ үш кезең бойынша сынға түсті. Алдымен сәлемдесу, сонан соң биатлон кезеңінде бірнеше әзілін дайындаған команда капитандары сайысты. Ал, үшінші кезең үй тапсырмасы деп аталды. Барлық бөлімде ойыншылар өздерінің қызықты қалжыңдарын, сатиралық сарыны бар әндері мен билерін көрсете алды. 

Сайыс қорытындысы бойынша Астана қаласынан келген көңілді тапқырлар командасы үздік деп танылды. Енді олар Астана қаласында өтетін финалдық ойында солтүстік өңірдің намысын қорғау үшін батыстық Ақтөбе, шығыстық Семей және оңтүстіктік Тараз қалаларынан келетін командалармен бақ сынаспақ.

Айгүл Бекетқызы

 

Тақырып бойынша материалдар

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. ЕЛ ЕРТЕҢІ-БІЛІМДІ ҰРПАҚ!
15:07, 22 қаңтар 2018
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. ЕЛ ЕРТЕҢІ-БІЛІМДІ ҰРПАҚ!
Толығырақ...
БӘСЕКЕЛЕСТІК БИІГІН БІЛІМ БАҒЫНДЫРАДЫ!
15:07, 22 қаңтар 2018
БӘСЕКЕЛЕСТІК БИІГІН БІЛІМ БАҒЫНДЫРАДЫ!
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. БІЛІМ КӨКЖИЕГІН КЕҢЕЙТЕДІ!
19:07, 16 қаңтар 2018
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. БІЛІМ КӨКЖИЕГІН КЕҢЕЙТЕДІ!
Толығырақ...