ШҰҒЫЛ! 73 МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІНІҢ ЛАУАЗЫМЫ ЖОҒАРЫЛАДЫ Толығырақ

ТЕҢБІЛ ДОПТЫҢ ТАРЛАНДАРЫ ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНДА БАҚ СЫНАЙДЫ

12:38, 12 қазан 2017

Қазақстан әуесқой футбол лигасының Көкшетау қаласы бойынша филиалы 2015 жылы құрылған. Содан бері біраз шыңдарды бағындыруда. Ағымдағы жылы облыс орталығында шағын жазғы футбол лигасы ұйымдастырылған-ды. Теңбіл доп  алаңында  14 команда бақ сынасқан еді. Ұйымдастырушылар ойынға қатысқан әр топ мықтылығы  мен шеберліктерін барынша көрсете білгендігін айтады.

Жалпы командалық есепте «Елім-ай» командасының ойыншысы Фархад Ташаев ең мықты футболшы ретінде танылды. Ал, «Қазақтелеком» командасының шабуылшысы Сүлей Салыбеков 27 голды қақпаға діттеп соққаны үшін арнайы кубокпен марапатталды.

Жабылу салтанатында спортшыларға ән-жырдан шашу шашылып, кештің ажарын аша түсті. Ал Қазақстан чемпионатында облыс намысын арқалайтын қос командаға  жиналған қауым сәттілік тіледі.

М.Болатұлы

Тақырып бойынша материалдар

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. ЕЛ ЕРТЕҢІ-БІЛІМДІ ҰРПАҚ!
15:07, 22 қаңтар 2018
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. ЕЛ ЕРТЕҢІ-БІЛІМДІ ҰРПАҚ!
Толығырақ...
БӘСЕКЕЛЕСТІК БИІГІН БІЛІМ БАҒЫНДЫРАДЫ!
15:07, 22 қаңтар 2018
БӘСЕКЕЛЕСТІК БИІГІН БІЛІМ БАҒЫНДЫРАДЫ!
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. БІЛІМ КӨКЖИЕГІН КЕҢЕЙТЕДІ!
19:07, 16 қаңтар 2018
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. БІЛІМ КӨКЖИЕГІН КЕҢЕЙТЕДІ!
Толығырақ...