ШҰҒЫЛ! 4 БАЛАНЫҢ АНАСЫ АТА-АНА ҚҰҚЫҒЫНАН АЙЫРЫЛДЫ Толығырақ

«TENGRI BANK» ӨЗ ФИЛИАЛЫН АШТЫ

21:14, 11 қазан 2017

Жаңа филиалда жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсетіледі. Кеңсе британдық компаниялардың эксклюзивті дизайн жобасы бойынша жасалған. Бастысы, клиенттерге қызмет көрсету және күту орындарының ыңғайлы болуына аса мән берілген. Келушілер үшін кеңседе кеңесшілер жұмыс істемек. Сол арқылы банк көрсететін қызмет түрлерін біліп алуға болады.  Атап өтейік, «Тengri bank-тің» ең басты серіктестігі – «Punjab National Bank». Ол 100 жылдан астам уақыт бойы 87 млн. клиентке қызмет көрсетіп келе жатқан Үндістанның жетекші банкі.

Банк клиенттерге шоттар ашу, ақша аударымдары, сауданы қаржыландыру, несие және банктік кепілдіктер беру, жеке және заңды тұлғалардан депозитттер қабылдау, есеп айырысу бағыттары бойынша қызмет көрсетеді. Қаржы ұйымының Қазақстанда жұмыс істей бастағанына биыл 25 жыл толып отыр. Ал, «Тенгри банк» деген атауды осыдан бір жарым жыл бұрын алған. Алдағы уақытта еліміздің басқа да облыстарында және Щучинск қаласында банктің жаңа бөлімшелері ашылады деп жоспарланып отыр.

Ағымдағы жылдың 9 айында «Тенгри банк» аймақтың шағын және орта бизнес субъектілеріне 5 млрд. теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсеткен. Оның басым бөлігі  өнім мен шикізат экспортына, ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушілерге жұмсалған. 

Нұргүл Нұрбайқызы

Тақырып бойынша материалдар

БОЛАШАҚ ҚҰТҚАРУШЫЛАР БОЗ КІЛЕМДЕ БЕЛДЕСТІ
12:56, 24 қазан 2017
БОЛАШАҚ ҚҰТҚАРУШЫЛАР БОЗ КІЛЕМДЕ БЕЛДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КООПЕРАТИВТЕРІНІҢ  ТИІМДІЛІГІ
19:17, 17 қазан 2017
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КООПЕРАТИВТЕРІНІҢ ТИІМДІЛІГІ
Толығырақ...
БИЛЕР БИЛІГІ – ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ СОТ ЖҮЙЕСІНІҢ НЕГІЗІ
21:08, 20 қазан 2017
БИЛЕР БИЛІГІ – ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ СОТ ЖҮЙЕСІНІҢ НЕГІЗІ
Толығырақ...