ШҰҒЫЛ! БІРЖАН САЛ АУДАНЫНА ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

«Тәрбие – тал бесіктен»

18:55, 18 наурыз 2017

Алда ұлық мейрам – наурыз мерекесі келе жатыр

Алда  ұлық мейрам – наурыз мерекесі  келе жатыр.  Ұлыстың ұлы күнін қазақ халқы  ресми  түрде  1988 жылдан бері тойлап келеді. Десе де Георгиан күнтізбесі бойынша жыл басы саналатын 1 қаңтарды төл мерекемізге қарағанда бір ай бұрын әрі ерекше тойлайтынымыз жасырын емес. Бұған не себеп? Әлде қазақы дәстүрді әлі күнге дейін санамызға терең сіңіре алмай келеміз бе? Бұл сұрақтарға жауапты әріптесім Айгүл Мырзағалиқызы іздеп көрді.

Қазақта тәрбие тал бесіктен басталады деген аталы сөз бар. Олай болса, жас ұрпаққа ұлыстың ұлы күнін тойлауды, төл мейрамды ұлықтауды қалай дәріптеп жүрміз? Осы сауалдарға жауап іздеу үшін қала мектептерінің біріне барып көрейік.

Бұл – М.Ғабдуллин атындағы №3 көп тілде оқытылатын мектеп-гимназиясы. Бұл жерді жай ғана білім ошағы емес, қазақы дәстүрдің ордасы дерсің. Тәлім беруші ұстаздан бастап, білім алушы оқушыларға дейін қазақтың ұлттық киімін киген. Игі  бастаманы мектеп әкімшілігі 3 жыл бұрын енгізген.

Қазақша киім кию наурыздың тоғызынан басталған. Ал осы айдың он төртінде мектеп ауласына киіз үй тігілген. Киіз үйдің ішінде қазақтың ұлттық бұйымдары қойылған. Сондай-ақ ер балаларға асық ойнау, қыздарға баланы бесікке бөлеу сияқты салт-дәстүрлер көрсетілді. Ұстаздардың айтуынша, мектепте Наурыз мерекесі жыл сайын ауқымды түрде аталып өтіледі.

Қазақылықтың иісі аңқып тұрған №3 мектеп-гимназиясынан біз көңіліміз марқайып қайттық. Өскелең ұрпаққа ұлттық дәстүрімізді дәріптеу – біздің басты міндетіміз. Өйткені елдің ертеңі - өскелең ұрпақ!

Айгүл Мырзағалиқызы, Дархан Сағын

 

Тақырып бойынша материалдар

АРДАГЕР САМБОШЫЛАР МАРОККО ЕЛІНДЕ КҮШ СЫНАСПАҚ
20:17, 20 сәуір 2018
АРДАГЕР САМБОШЫЛАР МАРОККО ЕЛІНДЕ КҮШ СЫНАСПАҚ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫН ЦИФРЛАНДЫРУ –ТЫҢ ТЕХНОЛОГИЯ
12:46, 17 сәуір 2018
ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫН ЦИФРЛАНДЫРУ –ТЫҢ ТЕХНОЛОГИЯ
Толығырақ...