ШҰҒЫЛ! КОРОНАВИРУСТЫ ҚАЙТА ЖҰҚТЫРУ ДЕРЕГІ ОБЛЫС АУМАҒЫНДА ТІРКЕЛГЕН ЖОҚ Толығырақ

ТЕРГЕУ ИЗОЛЯТОРЫНДАҒЫ КҮДІКТІНІҢ АТЫНАН НЕСИЕ АЛЫНҒАН

20:19, 29 маусым 2020

 

 

 

 

ДК: Степногорск қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған күдіктінің атынан белгісіз біреулер несие рәсімдеген. Күдіктінің жұбайы бұл іске тергеушілерді кінәлайды. Сөйтіп ол облыстық полиция департаментіне келіп, қылмыстық істі жүргізген тергеушінің үстінен арыз жазған. РКС: Өткен жылдың қаңтарында Степногорск қаласының тұрғыны Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 106 бабына сәйкес қасақана денсаулыққа ауыр зиян келтіргені үшін уақытша қамауға алынған. Алайда, күдіктінің қолынан жапа шеккен жәбірленуші кейін қаза тапқан. Қылмыстық істі тергеу барысында күдіктінің ұялы телефоны мен абоненттік нөмірі бар 2 сим-картасы алынған. Оны айғақ ретінде қылмыстық істің материалдарына берілген. СНХ: ГҮЛНӘР ПИНЧУК, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: /рус/ В последующем передан в камеру хранения УП г. Степногорск. В июне т.г. в Департамент полиции Акмолинской области поступило обращение супруги осужденного по факту мошеннических действий в отношении следователя. Управлением собственной безопасности по данному заявлению было проведено служебное расследование, в ходе которого изучено кредитное досье осужденного. Установлено, что онлайн – кредит оформлен через абонентский номер, который не соответствует номерам, изъятым в качестве вещественных доказательств. Кейін Степногорск қаласының полиция бөліміндегі сақтау қоймасына тапсырылған. Маусымда күдіктінің әйелі облыстық полиция департаментіне келіп, алаяқтық іс бойынша тергеушінің үстінен арыз жазды. Ішкі қауіпсіздік басқармасы осы арыз бойынша қызметтік тергеу амалдарын жүргізді. Күдіктінің несиелік мәліметтері тексерілді. Тиісінше, онлайн-несие рәсімделген абоненттік нөмір айғақ ретінде алынған нөмірлерге сәйкес келмейтіні анықталды. РКС: Түскен арызға сәйкес ҚР Қылмыстық Кодексі 190-шы бабының 1-ші тармағына сәйкес «Алаяқтық» дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде.

Тақырып бойынша материалдар

Қ.ТОҚАЕВ МИНИСТРЛЕР МЕН ӘКІМДЕРДІ СЫНҒА АЛДЫ
20:30, 10 шілде 2020
Қ.ТОҚАЕВ МИНИСТРЛЕР МЕН ӘКІМДЕРДІ СЫНҒА АЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КӨПҚАБАТТЫ  12 ТҰРҒЫН  ҮЙ   ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
20:15, 7 шілде 2020
КӨПҚАБАТТЫ 12 ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Толығырақ...