ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ДӘРІ-ДӘРМЕК ТАПШЫЛЫҒЫ ЖОҚ Толығырақ

ТЕРІДЕН ТІГІЛГЕН ҚЫСҚЫ КИІМДЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ

15:23, 17 қаңтар 2020

Облыстық филармония ғимаратында теріден тігілген қысқы киімдер жәрмеңкесі өтуде. «Белка» фирмасының тауарлары Ресей Федерациясынан әкелінген. Жәрмеңкеде ішік пен теріден тігілген сырт киімдердің сан алуан түрі бар. Көкшетаулықтар мен қала қонақтары ресейлік фирманың киімдерін   жеңілдікпен және бөліп төлей алады. 

Солтүстік өңірдің тұрғындары үшін қыстық киімді жаз бен күздің алғашқы жартысында сатып алу әдетке айналған. Өйткені, ұзаққа созылатын қысқа ертерек дайындалған абзал. Бұл ретте ресейлік тауар өндірушілердің заманауи стильдегі сапалы, әрі сәнді сырт киімдері көмекке келеді. Осы жолғы жәрмеңкеге 600-ден астам ішік пен тері киімдері ұсынылған. Киімдегі арнайы кюар-код арқылы оның қандай теріден тігілгенін, шикізаттың қайдан әкелінгені туралы барлық ақпаратты білуге болады. Нарыққа шыққанына 10 жылдан асқан ресейлік «Белка» фирмасының кеңесшілері еліміздің солтүстік өңірлеріне осымен 8-ші мәрте келуде.

СЕРГЕЙ КОТОВ, КЕҢЕСШІ:

Мұнда келген қыз-келіншектерге өз талғамына сай құндыз, қой терілерінен тігілген қысқы киімді таңдап алу мүмкіндігі бар. Шикізат Австралиядан жеткізілген мутондар да бар. Құндыз тондардың сапасы жоғары. 12-17 маусымға дейін киюге болады.

Көкшетаулық сәнгерлер таңертеңнен бастап тері жәрмеңкесіне асығуда. Өнімдердің бағасы 80 мың теңгеден басталады. Ендеше, кез-келген адам өз қалтасы мен талғамына сай қыстық киім таба алады.

ТАТЬЯНА КИРЬЯНОВА, ТҰТЫНУШЫ:

Теріден тігілген қысқы киімдер жәрмеңкесі болады деген хабарландыруды көрісімен келдім. Себебі, қысқа әзірлік басталды. Өзіме тон керек. Мұнда олардың сан алуан түрі бар екен. Жеңілдік те жасалады деп білдім. Сондықтан, өзіме қажетімді тауып, сатып аламын деп ойлаймын.

Тауарды қолма-қол ақшаға сатып алсаңыз, мұнда жеңілдік қарастырылған. Ал, бөліп төлеуге келсек, ресейлік тауар өндіруші қазақстандық «Хоум кредит» банкпен әріптестік орнатқан. Құндық, сазқұндыз, түлкі терілерінен тігілген сәнді қысқы киімдер көздің жауын алады. Айта кетейік, жәрмеңке облыстық филармония ғимаратында қаңтардың 20-сы мен 21-і аралығында таңертеңгі 10-нан кешкі 7-ге дейін жүреді.

Бибінұр Әмірханқызы, Мадина Смағұлова, Ермек Махметов, Көкше ақпара

Тақырып бойынша материалдар

СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖАҢА ӘЛЕМДІ АШУҒА МҮМКІНДІГІ БАР
19:20, 26 қазан 2020
СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖАҢА ӘЛЕМДІ АШУҒА МҮМКІНДІГІ БАР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...
23  ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
18:24, 23 қазан 2020
23 ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...