ШҰҒЫЛ! КОРОНАВИРУСТЫ ҚАЙТА ЖҰҚТЫРУ ДЕРЕГІ ОБЛЫС АУМАҒЫНДА ТІРКЕЛГЕН ЖОҚ Толығырақ

ТӘУЕЛСІЗДІКПЕН ТАҒДЫРЛАС БІЛІМ ОРДАСЫ

19:33, 26 маусым 2020

ДК: Биыл облыс орталығындағы іргелі оқу ордаларының бірі  Жанайдар Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің ашылғанына 30 жыл. Осы уақыт аралығында оқу  ордасынан мыңдаған түлек білім нәрімен сусындап, қанат қаққан.  Мерейлі мерейтой қарсаңында білім ошағында «Тәуелсіздікпен тағдырлас  білім ордасы» атты энциклопедиялық-альбомдық  жинақ көрді.

РКС: Өмірбек Шаймұратұлы колледждегі ардагер ұстаздардың бірі. Ол осы білім ордасының негізі қаланған жылдан бері қызмет етіп келеді.

СНХ: ӨМІРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ////ҚАЗ/// Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі 1990 жылы Қазақ КСР халыққа білім беру Министрлігінің бұйрығымен ашылды. Сол кезде қолымызда бір жапырақ қағаз бар. Ол училище ашу туралы бұйрық. Сол бұйрықпен қазіргі Тәшенов көшесіндегі бухгалтерлік мектептің 4 қабатынан 5 оқу кабинеті мен 2 әкімшілік орын бөліп берді. 1990 және 1991 оқу жылын 15 оқытушы 150 студенттен бастадық.++жинаққа тоқталсам. Бұл колледждің 15,20 жылдығына шығарамыз деген ой болған. Бірақ шықпай қалды. Биыл шықты. Колледждің тарихы толық қамтылған.

 

РКС: Жеткен жетістік пен бағындарған белес көп. Оның барлығы арнайы жарық көрген энциклопедиялық-альбомның алғашқы беттерінде көрініс тапқан. Жинақ 300 данамен шықты. Ұстаздардың айтуынша, бұл кітап арқылы студенттерге қосымша факультатив ретінде дәрістер оқытылады. Жинақ екі бөлімнен тұрады.

СНХ:  ЖАНАРГҮЛ ҚҰРМАНҒАЛИЕВА, Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ//қаз////Бірінші бөлім 1920-1955 жылдардағы Көкшетау педагогикалық училищесінің тарихы, екінші бөлім «Өсу мен өрлеу белестері» 1990-2020 жылдар аралығын құрайды.  Жинаққа арнайы QR код орнатылған. Осы арқылы оқырмандар электрондық нұсқасымен таныса алады. Жинаққа енген мәліметтерді жинақтау барысында Омбы, Солтүстік Қазақстан облыстарындағы мемлекеттік  архивтерінен құнды құжаттар жинақталды.

 

РКС: Сонымен қатар, жинақ облыстың барлық кітапханаларына таратылды. Айта кету керек, бұл күні колледжде 7 мамандық бойынша 1 мыңнан астам студент білім нәрімен сусындауда. Оларға білікті 91 ұстаз сабақ береді.

 

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, ДАРХАН САҒЫН, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

Қ.ТОҚАЕВ МИНИСТРЛЕР МЕН ӘКІМДЕРДІ СЫНҒА АЛДЫ
20:30, 10 шілде 2020
Қ.ТОҚАЕВ МИНИСТРЛЕР МЕН ӘКІМДЕРДІ СЫНҒА АЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КӨПҚАБАТТЫ  12 ТҰРҒЫН  ҮЙ   ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
20:15, 7 шілде 2020
КӨПҚАБАТТЫ 12 ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Толығырақ...