ШҰҒЫЛ! СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ – ҚОҒАМ ДЕРТІ Толығырақ

«ТІЛ – РУХАНИЯТ ӨЗЕГІ» ЖУРНАЛЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ

19:47, 15 қыркүйек 2020

Диктор кадрда: Қазақстан халқының Тілдері күні аясында «Тіл – руханият өзегі» атты журнал оқырманға жол тартты. Облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен, облыстық оқу-әдістемелік орталығы дайындаған журнал енді әр тоқсан сайын жарық көреді.

РКС: «Тіл – руханият өзегі» журналының шығудағы мақсаты қазақ тілін шетел тілі немесе екінші тіл ретінде оқыту әдістемесін жетілдіру, тіл оқытушыларына, әдіскерлерге әдістемелік көмек көрсету, өңірдегі мемлекеттік тіл саясатын дамыту бағытында атқарылып жатқан іс-шаралардан ақпарат беру, мемлекеттік тіл саясатын кеңінен насихаттау, қолданыс аясын кеңейту.  

СНХ: АЛТЫНАЙ ӘМІРЕНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ қаз. /Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілінің мәртебесі мемлекеттік тіл ретінде күшейіп келеді. Ол ұлтаралық қатынас тілі болатын кез келді, алайда ол үшін барлығымыз бірігіп жұмыс істеуіміз керек деп айтып өткен болатын. Тіл саясатының тағы бір бағыты ол тілді оқыту екені баршамызға аян. Бұл журналдың тіл үйренушілер үшін, тілді оқытып жүрген мамандар үшін пайдасы мол деп айта аламыз.

РКС: Журналдың тұсаукесер рәсіміне зиялы қауым өкілдері, тіл жанашылары, әдіскерлер мен тіл мамандары, оқытушылар шақырылған.  

СНХ: ӘСЕМГҮЛ ҚАРСАБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ӘДІСКЕРІ қаз./Журналдың мазмұнында негізінен тілдік ахуал, терминалогия және онамастика, жер-су аттарын қамтитын зерттеулер. Негізінен баяндамалар, тұщымды ойлар, жақсы ақпараттар жарияланады. «Көкше қаламгерлері» деген жаңа айдар қосып жатырмыз. Көкшелік қаламгерлер мен жаңа жазып жүрген жастардың шығармалары жарық көретін болады./

РКС: «Тіл – руханият өзегі» журналы 100 данамен жарық көрді. Жылына 4 рет шығатын басылым өңірдің тіл орталықтарына тегін таратылады.

М.АЙБАБИНА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ   

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ ҰСЫНДЫ
19:25, 23 қыркүйек 2020
ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ...
Толығырақ...