ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ. ЖАҢА БАСТАМАЛАР - ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР Толығырақ

ТІЛ ТАЗАЛЫҒЫ -ҰЛТ САУАТТЫЛЫҒЫНЫҢ КӨРІНІСІ

15:22, 11 қыркүйек 2019

Елімізде жаппай латын графикасына негізделген қазақ әліпбиінде диктант  жазу дәстүрге айналуда. Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен өткізілетін науқан биыл да жалғасын тапты. Көкшетаулықтар да тіл дамуына негіз болар шарадан қалыс қалмады.     

«Мың бала» мәдени-ағарту жобасы аясында өткен жалпы диктант жазу науқанына биыл 180 мыңнан астам ниетті қатысқан. Ақмола облысы бойынша бұл көрсеткіш 18 мыңнан астам қатысушыны құрады. Ниеттілердің дені студенттер мен жастар. Олардан бөлек мемлекеттік қызметкерлер, этно-мәдени бірлестік мүшелері және өзге де қызығушылық танытқандар қала, аудан тұрғындары қаламдарын сайлап келген.    

Альбина амрина, оқытушы:

Диктантты жан-жақтан келген, колледж, университеттерден келіп жазды студенттер. Студенттерге сондай қиынға соққан жоқ. Өйткені бұл ағылшын тіліне жақын болғандықтан, студенттер қиналмай жазды.

139 сөзден құралған диктант мәтінін Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Камал Әлпейісова әзірлеген. Мәтін жастар жылы тақырыбында арналып, қатысушыларға оны жазып шығуға 40 минут берілді. Бұл сынақ әсіресе жас буын үшін тиімді.

Аружан мұқанова, қатысушы:

2-ші рет жазып отырғандықтан, диктант оңай болды осы жолы. Ал, алғаш рет жазғанда әрине қиындықтар болды. Көп студенттер осы диктантқа қатысқан өздерінің латынша әліпбиде жазуларын шыңдады деген ойдамын.

Диктант нәтижесі Ақмола облысы бойынша 80 пайыздан астам қатысушы мәтінді жақсы және өте жақсы деген бағада жазып шыққандығын көрсетті. Биыл ақмолалықтар арасында бұл науқанға қатысушылар өткен жылмен салыстырғанда 8 мыңға өскен. 

Тұмарым бабасанова, павел соловьев «көкше-ақпарат»

Тақырып бойынша материалдар

МҰХТАР АЛТЫНБАЕВПЕН  КЕЗДЕСУ КЕШІ ӨТТІ
17:39, 17 қыркүйек 2019
МҰХТАР АЛТЫНБАЕВПЕН КЕЗДЕСУ КЕШІ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚЫЗЫЛТАҢ АУЫЛЫНДА БОКС ЗАЛЫ АШЫЛАДЫ
16:25, 12 қыркүйек 2019
ҚЫЗЫЛТАҢ АУЫЛЫНДА БОКС ЗАЛЫ АШЫЛАДЫ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – МӘРТЕБЕСІ БИІК ҚҰРАЛ
16:34, 13 қыркүйек 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – МӘРТЕБЕСІ БИІК ҚҰРАЛ
Толығырақ...