ШҰҒЫЛ! 6 ЖАСАР БАЛА КАРДИОХИРУГ БОЛУДЫ АРМАНДАЙДЫ Толығырақ

ТІЛ ЖАНАШЫРЛАРЫ БАС ҚОСТЫ

16:26, 29 қараша 2019

 


Көкшетау қалалық тілдерді оқыту орталығында «Тілді оқытуға – жаңаша көзқарас» деген атаумен облыстық семинар-кеңес өтіп, тіл жанашырлары бас қосты. Жиында тілдерді оқыту орталықтарының жұмыстары сараланып, қызметкерлер өзара тәжірибелерімен бөлісті.

Бүгінде Ақмола облысы бойынша 18 тілдерді оқыту орталығы жұмыс істейді. Семинарға облыстық және аудан орталықтарының басшылары мен оқытушылары қатысып, латын графикасына негізделген қазақ тілін дәріптеудегі атқарылған жұмыстар сарапқа салынды. Соңғы 2 айда тілді үйретуге арналған 257 шара ұйымдастырылып, 5 мыңға тарта тыңдаушыға жаңа қазақ әліпбиі насихатталған. Бүгінге дейін жаңа қазақ әліпбиінің 14 нұсқасы әзірленіп, оның тек 4-і қабылдаудан өтті.

ҚАРАТАЙ ТӨЛЕКЕЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ОҚЫТУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ (қаз)

Бүгінгі тақырыбымыз – «Тілді оқытуға – жаңаша көзқарас». Бұның ішіне мемлкеттік тілді оқытатын жаңа инновациялық тәсілдер, сонымен қатар латын графикасының болашақтағы жағдайы, қалай оқытамыз? Қалай үйретеміз? Оның үстіне қазір латын графикасы ауысып, төртінші рет ауысайын деп жатыр. Соның жаңа 4 нұсқасы бар. Соған да талқылау жүріп жатыр. Соған өзіміздің үлесімізді қосып, ұсынысымызды береміз.

Жиын барысында тіл мамандары өзара тәжірибелерімен бөлісті. Тілді оқытудың әдіс тәсілдерін ортаға салып, орталық қызметкерлері баяндама жасады. Ақмола облыстық оқу-әдістемелік орталығының мамандары «Қазтест» жүйесінің жаңа форматын таныстырды. Енді тілді оқыту курстарының оқытушылары мен мемлекеттік қызметкерлер жеңілдетілген «Қазтест» жүйесі бойынша сынақтан өтпек. Семинарға келген әр қатысушы мемлкеттік тілдің дамуына  үлес қосуды көздейді.

КАБАР ҚАЙЫРЫМ, СТЕПНОГОРСК ҚАЛАЛЫҚ ОҚЫТУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ (ҚАЗ)

Әр адам мен мемлекеттік тілдің дамуына қандай үлес қостым деген қағидадан келу керек. Ал жоғарыдан берілген тапсырма я болмаса көптеген бағдарламалардың жұмыс істеуі ол халыфқтың қолдауымен я болмаса жоғарыдан берілген тапсырмамен әрекетімен ол жеткіліксіз болып табылады. Тілді дамыту үшін жан-жақты әрекет етуіміз керек. Ол үшін санамызда қалыптасқан бұрыңғы көзқарастан арылуымыз керек.

Семинар одан әрі оқыушыларға әдістемелік көмек көрсету және іс-тәжірибелерімен бөлісу мақсатында түрлі ашық сабақтарға және тренингтарға ұласты.

ТҰМАРЫМ БАБАСАНОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҢ АЛДАҒЫ 3 ЖЫЛҒЫ БЮДЖЕТІ БЕКІТІЛДІ
18:14, 13 желтоқсан 2019
ОБЛЫСТЫҢ АЛДАҒЫ 3 ЖЫЛҒЫ БЮДЖЕТІ БЕКІТІЛДІ
Толығырақ...
 6 ЖАСАР БАЛА КАРДИОХИРУГ БОЛУДЫ АРМАНДАЙДЫ
18:12, 13 желтоқсан 2019
6 ЖАСАР БАЛА КАРДИОХИРУГ БОЛУДЫ АРМАНДАЙДЫ
Толығырақ...
ҒАЛЫМ, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ СӘБИТ ЖӘМБЕК - 60 ЖАСТА!
18:10, 13 желтоқсан 2019
ҒАЛЫМ, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ СӘБИТ ЖӘМБЕК - 60 ЖА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

15:41, 13 желтоқсан 2019
ҒАЛЫМ, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ СӘБИТ ЖӘМБЕК - 60 ЖА...
Толығырақ...
 «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ САЯСИ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫНДА АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
15:41, 13 желтоқсан 2019
«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ САЯСИ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫНДА АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛ...
Толығырақ...
КӨШЕЛЕРГЕ ОРТАША ЖӨНДЕУ ЖҮРГІЗУГЕ ОБЛЫС БЮДЖЕТІНЕН 500 МИЛЛОН ТЕҢГЕ БӨЛІНГЕН
17:21, 12 желтоқсан 2019
КӨШЕЛЕРГЕ ОРТАША ЖӨНДЕУ ЖҮРГІЗУГЕ ОБЛЫС БЮДЖЕТІНЕН 500 МИЛЛО...
Толығырақ...