ШҰҒЫЛ! 23 ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ Толығырақ

ТІЛ ЖАНАШЫРЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

20:10, 18 қыркүйек 2020

ДИКТОР: Көкшетауда қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде рөлін күшейтіп, мәртебесін арттыруға үлес қосқандар марапатталды.  Салтанатты  шара  Қазақстан халқы тілдері күніне арналған онкүндікті  қорытындылау аясында өтті.

РКС: Мемлекеттік тіл мерейінің үстем болуы алдымен сол елдің азаматтарына  байланысты.  Бұл күні осындай 20 тіл жанашыры қала әкімі Амангелді Смайыловтың қолынан алғыс хат алды. Олар  өңірдегі тіл саясатын жүргізуге өз үлесін қосып жүрген жастар, ұстаздар, БАҚ өкілдері, түрлі  мекеме  қызметкерлері.

СНХ:ГҮЛДЕН  ҚАЖЫБАЕВА, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИТА/// рус/// 01:24 Студенттерді және жас ғалымдарды арнайы ғылыми жобаларға қатыстырып, олармен бірігіп оқу құралдарын, ғылыми мақалаларды жариялаймыз. Тұрақты түрде осы тілдер мерекесіне орай өткізіліп жатқан конференцияларда тіл мәселесін қалай көтеру керек деген сияқты мәселелерді көтеріп, баяндамалар  жасаймыз.+ біз оқушылармен де, студенттермен де тіл мәртебесін көтеру бағытында түрлі іс-шара жасап жатырмыз.

РКС: Марапатталғандардың арасында арнамыздың бас режиссері Нұржан Балахметов  та  бар. Сондай-ақ  кітап жазып, ғылымға ден бұрған жас жазушылар да қала басшысының алғыс хатын алды.  Олардың  бірі 5 әдеби  кітаптың  авторы  21 жасар Томирис Саматова.

СНХ: ТОМИРИС САМАТОВА, ЖАС ЖАЗУШЫ///рус///00:30///Менің басты мақсатым – өскелең ұрпақты ктіап оқуға баулу. Мен өзім мұғалім ретінде айтарым, біздің елде өзге мемлекеттермен салыстырғанда кітапқа деген қызығушылық деңгейі төмен. Сондықтан мен осы бағытта еңбек етсем деймін. Оқырмандарымды  өзге ақын-жазушылардың, музыканттардың шығармашылығымен таныстырғым  келеді.

РКС: Қазақстан халқы тілдері мерекесіне арналған осы онкүндікте қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі 300-дей іс шара өткізді. Көбі – онлайн  форматта.

АЙГҮЛ МЫРЗАҒАЛИҚЫЗЫ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

АҚЫН ЕРБОЛАТ БАЯТҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ
19:16, 23 қазан 2020
АҚЫН ЕРБОЛАТ БАЯТҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ
Толығырақ...
ҚАЗАҚСТАН-ПОЛЬША: ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ – БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ
18:25, 23 қазан 2020
ҚАЗАҚСТАН-ПОЛЬША: ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ – БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...