ШҰҒЫЛ! 19 МЫҢНАН АСТАМ АҒАШ ҚҰЛАП ЖАТЫР Толығырақ

ҰЛТ ТАТУЛЫҒЫ – ЫНТЫМАҚ НЕГІЗІ

18:14, 18 қыркүйек 2019

Ақмола облысында жүзден астам ұлт пен 45 этномәдени орталық бар. Оның 15-і  Көкшетауда орналасқан. Олардың басын біріктіріп, мерекелік кездесу ұйымдастыратын орын - Достық үйі. Мұнда тіпті оқу курстары  да өтеді.

ӘМІРХАН  ЧАПАНОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Менің туған тілім ингуш тілі. Мен де,  үйдегілердің барлығы да осы тілде сөйлейді. Мен Ингушетияға да барып келдім. Десе де, әлі де өз ана тілімде еркін сөйлей алмаймын. Сондықтан, осы курстарға қатысып жүрмін.

5 жылдық тарихы бар Достық үйінде тоғыз тілді меңгеруге болады. Жексенбілік мектептерде поляк, неміс,  армян, татар және өзге де тілдерді үйретеді. Мұнда келетіндердің саны 200-ден асады.

МӘРЗИЯТ ТОХАЕВА, ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АҚМОЛА АССАМБЛЕЯСЫ ХАТШЫЛЫҒЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ

Біз әрине әр түрліміз. Әркімнің өз салты, мәдениеті мен тілі бар. Дегенмен, біз бәріміз Қазақстан Республикасының азаматы екендігімізді біліп, мемлекеттік тілді меңгеруіміз керек. Қазан айының алғашқы онкүндігінде облыстық ішкі саясат басқармасымен бірлесіп, мемлекеттік тілді меңгеруге арналған курс ашамыз. Ол мемлекеттік тілді жағдаяттық оқыту болмақ.

Бұл күндері тілге арналған сан алуан шаралар өтеді. Белсенділер сахнаға шығып, туған және қазақ тілінде ән салады.

ЕЛЕНА МЕРЕНЦОВА,  УРЮПИНКА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ (АҚКӨЛ АУДАНЫ):

Менің ұлтым – орыс, туған тілім орыс тілі. Алайда маған қазақ тілі көбірек ұнайды. Мен оны меңгерудің өзіндік тәсілін ойлап таптым.Ол үшін қазақтың әні мен мәдениетін игерудемін.

Ақмола облысы бүтіндей бір Қазақстан сияқты барлық ұлттың мәдениеті тоғысқан аймақ. Және «достық» сөзі әр отандасымыз үшін  «бірлік» деген  ұғымды білдіреді.

АЙГҮЛ ӨЗЕКОВА, МАДИНА СМАГУЛОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КОКШЕ АКПАРАТ.

Тақырып бойынша материалдар

ӘЛЕУМЕТТІК САЛАНЫ ДАМЫТУ БАСТЫ НАЗАРДА
13:10, 28 мамыр 2020
ӘЛЕУМЕТТІК САЛАНЫ ДАМЫТУ БАСТЫ НАЗАРДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«БАСТАУ БИЗНЕС» . ПОСТУПИЛО БОЛЕЕ 300 ЗАЯВОК
13:17, 22 мамыр 2020
«БАСТАУ БИЗНЕС» . ПОСТУПИЛО БОЛЕЕ 300 ЗАЯВОК
Толығырақ...