ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫ МӘЛІМДЕМЕСІ: СИРИЯДА ТЕРРОРИСТЕРДІҢ ТҰТҚЫНЫНА ТҮСКЕН 47 АЗАМАТЫМЫЗ ЕЛГЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

«ТІЛЕУЛЕС ҚАЖЫ» АТЫНДАҒЫ ҚАРИЛАР МЕКТЕБІ АШЫЛДЫ.

18:08, 11 қаңтар 2019

РКС: Көкшетау қаласының құрметті азаматы Болат Көшімбаев өзінің үш қабатты баспанасын  жас қарилардың орталығына айналдырды. Берекелі шаңырақта ол жұбайымен 18 жыл бақытты күн кешкен. Өмірлік серігі бақилық болған соң Болат Ахметжанұлы жақындарымен ақылдаса келе даңғазадай үйдің қабырғаларын қаңыратпай,  құран жаттайтын қариларға беруге ұйғарады. Медресенің атын да жұбайы «Тілеулес қажының» құрметіне қойған.

СНХ:БОЛАТ КӨШІМБАЕВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ. ///Жұбайым Тілеусес өмірден өткесін балалармен ақылдастым. Алғашында сатып жіберем деген ой болған. Бірақ ойлана келе халықтың пайдасына деп шештім. Осы үйде азан үні естіліп, күн сайын Құран оқылып тұрғаның қаладым. Әзір 3 жылға беріледі деп айттым. Егер бәрі жақсы болып жатса біржолы жас қарилерге берем.

РКС:Бүгінде Ақмола облысында 89 мешіт 218 дін қызметкерлері жұмыс жасауда. Соның 49 бас имам, 25 наиб имам, 27 ұстаз, 7 азаншы, 7 әкімшілік қызметкер және 100 ден аса молдалар қызмет етеді.Бірақ кейбір мешітке кадр санының жетіспеушілігі де жасырын емес. Бұл мешіттен имани біліммен сусындап шыққан шәкірттер сол олқылықтың орнын толтыратыны күмәнсіз.  «Тілеулес қажы» медресесінде Құраннан 2 ұстаз дәріс беретін болады. Аталмыш орталықтың жетекшісі болып Теміржан қари Мұратов тағайындалды.

СНХ:  ТЕМІРЖАН МҰРАТОВ, «ТІЛЕУЛЕС ҚАЖЫ» ҚҰРАН ЖАТТАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ.  ///Біздің медресе екі бағытта жұмыс атқарады. Яғни бірінші бағыт кез-келген білім іздеген адам күндіз келіп сабақ ала алады. Ал, екінші біздің тұрақты шәкірттер сабақтарынан тыс құран жаттап, ай сайын ұстаздарға тапсырып отырады. Алға көптеген жоспарлар бар. Қатарымыз тағы көбейеді деген сенімдемін.

РКС:  Медреседе білім алып жатқан жас өрендерге бар жағдай жасалған. Ішер ас, жатар орын тегін. 12 орындық жатаханада да бар жағдай жасалған.  Айта кету керек, бұл орталықта білім алып жатқан өрендер күндіз өз мамандықтары бойынша білім алса, кешкілік уақытта діни кітаптар оқып, Құран жаттайды. Төрт жылдық жемісі ретінде жас қариларға арнайы сертификаттар берілетін болады.

СНХ: ЕРКЕБҰЛАН ӘЛІМЖАНОВ, ШӘКІРТ/////   Бұл жерде оқып жатқан әр бала колледж, университеттің студенттері. Біз кешкісін арнайы білім аламыз. Біздің қатарластарымыздың алды Құранның тең жартысын жатқа айтады. Бізге осындай мүмкіндік берген жандарға айтар алғысымыз шексіз.

РКС: Осындай медреселер ашылып, жас қарилар шықса облысымызда имамдар жетіспеушілігі мәселесі шешілер еді. Сондай –ақ жыл соңына дейін Облыста 3 мешіт салынып және Атбасар ауданында жаңа медресе ашылады деп жоспарлануда.

 АБЗАЛ БАЛТАБАЕВ

Тақырып бойынша материалдар

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ. ҰЛТТЫҚ ТАРИХТЫ ЗЕРДЕЛЕУ
15:11, 21 қаңтар 2019
ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ. ҰЛТТЫҚ ТАРИХТЫ ЗЕРДЕЛЕУ
Толығырақ...
ОБЛЫС БОЙЫНША ШАҒЫН НЕСИЕГЕ  4 МЛРД ТЕҢГЕ  ҚАРАСТЫРЫЛҒАН
15:11, 21 қаңтар 2019
ОБЛЫС БОЙЫНША ШАҒЫН НЕСИЕГЕ 4 МЛРД ТЕҢГЕ ҚАРАСТЫРЫЛҒАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЕСІЛ АУДАНЫНДА 95 ЖАҢА ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛҒАН
18:43, 15 қаңтар 2019
ЕСІЛ АУДАНЫНДА 95 ЖАҢА ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛҒАН
Толығырақ...