ШҰҒЫЛ! ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ОТАНДЫҚ ӨНІМНІҢ ҮЛЕСІ АРТУДА Толығырақ

ТІЛСІЗ ЖАУ АУЫЗДЫҚТАЛДЫ

19:48, 7 қараша 2019


Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті ғимаратының жертөлесінен өрт шықты. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Өрт дер кезінде ауыздықталды. Сонымен қатар, дәл осы күні Мағзи Әбілқасымов көшесінің бойындағы жекеменшік тұрғын үй отқа оранды.

Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде таңғы сағат 11 сағат 15 минут шамасында өрт шыққан кезде оқу ғимаратында 2 мыңнан астам студент және 400-ден астам оқытушы мен өзге де қызметкерлер болған. Оқиға орнына дер кезінде жеткен төтенше жағдайлар қызметі іштегі азаматтарды сыртқа шығарып, өрт сөндіру шараларына бірден кірісіп кетті. Өрт сөндіруші мамандар мен апаттық-құтқару жасағы,  реаномобильдер жоспарға сәйкес әрекет ете білді.  

ӘСЕТ ЖАҚСЫЛЫҚОВ, ҚАЛАЛЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ  БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ

Өрт шығу орнына 13 бірлік техника шұғыл жөнелтілді. Көкшетау қаласы ішкі істер басқармасының шұғыл жұмыс тобы да келіп жетті. Зерттеу барысында анықталғаны жалын 2 шаршы метрді шарпыған. Алдын-ала болжамға сәйкес, өрттің шығу себебі, қауіпсіздік ережелерінің сақталмағандғынан болған. Кінәлі деп танылған азаматқа қатысты тергеу амалдары жүргізіледі. 

Дәл осы күні Мағзи Әбілқасымов көшесіндегі нөмірі 7-ші үй өртке оранды. Оқиға орнына 4 бірлік техника мен өрт сөндірушілер дереу келіп жетті.

ӘСЕТ ЖАҚСЫЛЫҚОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ  БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ

Қазір сөндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Алдын-ала болжамға сәйкес, үй иесіз болғандықтан, бос тұрған. Өрттің шығуына белгілі тұрағы жоқ қаңғыбас адамдар себеп болған. Олар ішімдік ішіп, темекі тұтатқан. Сөйтіп, өрт қауіпсіздігін сақтамаған.

Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, екі бірдей өрт оқиғасының орын алуына да қарапайым қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы сеп болған. Сондықтан, тұрғындарды  от мәселесіне ерекше мұқият болуды ескертеді. 

ЕРБОЛАТ СЕРІКБАЙ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»       

Тақырып бойынша материалдар

 «БОЛАШАҚ» СТИПЕНДИЯСЫНА ІРІКТЕУ ТАЛАПТАРЫ ӨЗГЕРДІ
19:59, 29 мамыр 2020
«БОЛАШАҚ» СТИПЕНДИЯСЫНА ІРІКТЕУ ТАЛАПТАРЫ ӨЗГЕРДІ
Толығырақ...
МАУСЫМНАН БАСТАП КАРАНТИНДІК ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЖЕҢІЛДЕЙДІ
19:58, 29 мамыр 2020
МАУСЫМНАН БАСТАП КАРАНТИНДІК ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЖЕҢІЛДЕЙДІ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНА САПАРЫ
19:57, 29 мамыр 2020
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНА САПАРЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МАҚТААРАЛҒА 45 ТОННА КӨМЕК ЖӨНЕЛТІЛГЕН
13:23, 29 мамыр 2020
МАҚТААРАЛҒА 45 ТОННА КӨМЕК ЖӨНЕЛТІЛГЕН
Толығырақ...
ЕЛБАСЫНЫҢ  ХАЛЫҚАРАЛЫҚ  БАСТАМАЛАРЫ. ТӘЖІРИБЕ МЕН БАСЫМДЫҚТАР
17:03, 29 мамыр 2020
ЕЛБАСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАСТАМАЛАРЫ. ТӘЖІРИБЕ МЕН БАСЫМДЫҚТА...
Толығырақ...