ШҰҒЫЛ! ЖАҢАДАН САЙЛАНҒАН СЕНАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ ЕСІМДЕРІ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ Толығырақ

ТОҚЫСАҢ ЖАЛЫҚТЫРА ҚОЙМАЙТҰҒЫН...

19:18, 6 желтоқсан 2019

 


Қол икемдерін дамыту арқылы бас миы  жұмысының да жақсара бастайтыны анық. Оған, тоқу ісі де сеп болады. Біздің келесі бейнебаяннымыздың кейіпкері 30 жылдық тәжірибесі бар тоқымашы. Ол білім мен тәрбие бар жерде кез-келген қолөнермен айналысу еш артық

50 жастағы Ольга Псарь тоқыма ісіне өзінің 30 жылын арнаған. 90-шы жылдардың күрбелең уақыттарында тоқыма ісі Ольганың отбасын асырауға мүмкіндік беріп, кіріс көзіне де айналған. Кейін хоббиі. Бүгінде, кәсіби мамандығы. Тоқымашы шәлі, кардигандарды түрлі-түсті тастармен араластырып,  өрнектеп,  шебер тоқиды.

ОЛЬГА ПСАРЬ, ТОҚЫМАШЫ:

Вязание для меня - это часть жизни. ....Тоқыма ісі – өмірімнің бір бөлігі. Мен үшін  ең қызықты іс. Көбісі керісінше ойлайды. Алайда, мүлдем олай емес. Әсіресе, жаңа тоқып бастаған затыңның жаңа өрнектері қандай болатыны одан сайын қызықтыра түседі. Балалар үшін де тоқығанды жақсы көремін. Тіпті, кейбір тапсырыс берушілер рақметтерін айтып, алғыстарын жаудырып жатса, мені шабыттандырып, тағы да тоқи түскім келеді.  

Тоқымашыны алғысқа бөлеген тапсырыс берушілердің қатары әр елден. Олардың ішінде, Қазақстан, Ресей, Германия, Польша елдері бар. Дегенмен, Ольганың өнерін нағыз бағалаушылар елордада тұрады. Тоқу мектебін ашу ойы да  солардың арқасында туындаған. Осындай екпінмен тоқымашы «Бастау» бағдарламасына да қатысып, сертификатын қорғап алған. Енді, грантты ұтып алу керек,-дейді кәсіпкер.

ОЛЬГА ПСАРЬ, ТОҚЫМАШЫ:

Планов у меня много.....Жоспарым өте көп. Тоқудың мектеп-студиясын ашқым келеді. Бұл біріншіден, адамды күйзеліске түсірмей тыныштандырады. Екіншіден, қол икемдерін дамытып, Паркинсон ауруынан сақтайды. Әсіресе, балаларға тоқыма үйрету аса маңызды. Әдемілікке құмар болып өскен баланың талғамыда жақсара түседі.

Ольганың өзі де, оның оқушылары да қолмен боялған таза жүндерді Ресей мен Латвия елдерінен алдырады. Сапалы өнімнен тоқылған әрбір зат тоқымашының жан дүниесін сипаттап, қолының шеберлігін шындай түседі.

АЙГҮЛ БЕКЕТҚЫЗЫ, СӘНИЯ КӨПЖАСАРОВА, ЕРМЕК МАХМЕТОВ. КӨКШЕ АҚПАРАТ.

Тақырып бойынша материалдар

ЖАҢАДАН САЙЛАНҒАН СЕНАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ ЕСІМДЕРІ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ
19:48, 12 тамыз 2020
ЖАҢАДАН САЙЛАНҒАН СЕНАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ ЕСІМДЕРІ БЕЛГІЛІ БОЛД...
Толығырақ...
ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 4 ЖАҢА МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
19:46, 12 тамыз 2020
ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 4 ЖАҢА МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРОВИЗОРЛЫҚ СТАЦИОНАРДАН СОҢҒЫ СЫРҚАТ ЕМДЕЛІП ШЫҚТЫ
19:56, 7 тамыз 2020
ПРОВИЗОРЛЫҚ СТАЦИОНАРДАН СОҢҒЫ СЫРҚАТ ЕМДЕЛІП ШЫҚТЫ
Толығырақ...