ШҰҒЫЛ! 73 МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІНІҢ ЛАУАЗЫМЫ ЖОҒАРЫЛАДЫ Толығырақ

ТОПАН СУДЫҢ ЗАРДАБЫ ӨТЕЛЕДІ

21:35, 19 сәуір 2017

Ақмола облысында тасқын судың зардабын әсіресе, Атбасар ауданының тұрғындары тартып отыр. Алдын-алу жұмыстары қыс айларында қолға алынғанына қарамастан, Жабай өзенінің шекті көрсеткіші 6 метрден асқан. Топан су салданынан зардап шеккен өңір тұрғындарымен әріптесім Ауғанбек Манарбекұлы сұхбаттасып қайтты.

Алдын-алу шараларының негізгі бөлігі 2016 жылдың көктемінде төселген топырақ үйіндісін бекітуге бағытталыпты. Анығында, бұл құрылыс толыққанды су бөгені емес. Алғашқыда су тасқыны қаупіне орай төселген үйіндіге кейін қосымша бекіту жұмыстары жүргізілген. Соған қарамастан нысан топан су 5 метрге жуықтағанша төтеп берген. Алайда, өзен деңгейі әдеттегіден үш есе артқанда су елді мекенге беттеген.

Аудандағы жағдайды халық қаулылары да жіті бақылап отыр. Облыстық мәслихаттың хатшысы Дулат Нұрмолдин өңір тұрғындарының уақытша орналастыру бекеттеріндегі жағдайымен танысып, су басқан көшелерді аралады.

Қазір аудандық су тасқынымен күрес штабы азаматтардан зардап шеккен үй-жайлары туралы құжат қабылдай бастады. Әр мекенжай бойынша келтірілген залал көлемі анықталып, азаматтардың толық материалдық шығынын өтеу жоспарланған. Аудандық су тасқынымен күрес штабында құжаттарды қабылдау жүргізілуде. Алғашқы күннің өзінде азаматтардан 80-нен астам құжат қабылданды. Материалдық шығын өтемі  заңнама аясында белгіленген. Яғни сараптама қорытындысына сәйкес материалдық шығын толық өтелетін болады. 

Атбасарда тасқын судан барлығы 269 үй жапа шеккен. Бүгінгі таңда оның 71-і қызыл судан арылды. Билік өкілдері азаматтарға келтірілген материалдық шығын көлемі толықтай өтелетінін айтып отыр.

Ауғанбек Манарбекұлы, Арман Балбергенов

Тақырып бойынша материалдар

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. ЕЛ ЕРТЕҢІ-БІЛІМДІ ҰРПАҚ!
15:07, 22 қаңтар 2018
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. ЕЛ ЕРТЕҢІ-БІЛІМДІ ҰРПАҚ!
Толығырақ...
БӘСЕКЕЛЕСТІК БИІГІН БІЛІМ БАҒЫНДЫРАДЫ!
15:07, 22 қаңтар 2018
БӘСЕКЕЛЕСТІК БИІГІН БІЛІМ БАҒЫНДЫРАДЫ!
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. БІЛІМ КӨКЖИЕГІН КЕҢЕЙТЕДІ!
19:07, 16 қаңтар 2018
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. БІЛІМ КӨКЖИЕГІН КЕҢЕЙТЕДІ!
Толығырақ...