ШҰҒЫЛ! СПОРТ ЗАЛДАРЫНЫҢ САНЫ КӨБЕЮДЕ Толығырақ

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ТАЛАПТАРЫ ҚАТАҢ САҚТАЛУЫ ТИІС

17:36, 27 наурыз 2020

 

 

ДК: Облыс орталығында СOVID-19 вирусының таралуына байланысты жарияланған төтенше жағдайдың талаптарын сақтамаған тағы бірнеше дерек тіркелді. 25-ші наурызда  жұмысын тоқтатпаған «Smokings» кальян мекемесі анықталған. Сондай-ақ мұндай тәртіп бұзғандардың қатарында «Түркістан» мейрамханасы да бар.

 

РКС: Кальян мекемесінің директоры 5 тәулікке қамауға алынса, рестораторға 10 айлық есептік  көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды. Қалалық прокуратура жанынан төтенше жағдай талаптарын сақтауды бақылау мақсатында мобильдік жұмыс тобы құрылған. Оның құрамында полиция, санитарлық қызмет және өзге де жауапты басқармалар бар. Тәртіп бұзғандарды әкімшілік жауапкершілікке тарту қарастырылған. Ал, біле тұра жалған ақпарат таратқан немесе төтенше жағдай кезінде билік өкілінің заңды талабын бұзғандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

СНХ: БОЛАТ ҚҰРМАНОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ /// аударма /// Егер сіз түнгі 22.00-ден кейін жұмысын тқтатпаған мейрамхана, барлар, дәмханалар мен асханалар немесе қоғамдық тамақтандыру орындарын көрсеңіз, 8 707-607-18-18 нөмірі арқылы хабарласыңыз. Сондай-ақ осы нөмірге есірткі немесе маска, қолғап, дәрі-дәрмектерге алыпсатарлық жасау дерегі туралы хабарлай аласыз. Төтенше жағдай талаптарын бұзғаны үшін азаматтар мен кәсіпкерлер Қазақстан Республикасы Кодексінің 476-бабы бойынша жауапқа тартылуы мүмкін, оларға 10 айылық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады немесе 15 тәулікке дейін қамауға алынады.

ЕРБОЛАТ СЕРІКБАЙ, ЕРМЕК МАХМЕТОВ. КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

«БАСТАУ БИЗНЕС» . ПОСТУПИЛО БОЛЕЕ 300 ЗАЯВОК
13:17, 22 мамыр 2020
«БАСТАУ БИЗНЕС» . ПОСТУПИЛО БОЛЕЕ 300 ЗАЯВОК
Толығырақ...