ШҰҒЫЛ! 6 ЖАСАР БАЛА КАРДИОХИРУГ БОЛУДЫ АРМАНДАЙДЫ Толығырақ

ТУБЕРКУЛЕЗ ДЕРТІ ЕКІ САҒАТТА АНЫҚТАЛАДЫ

16:32, 3 желтоқсан 2019

 


Елдегі туберкулез дертіне шалдыққан науқастардың санын азайту  жолында  2035 жылға жұмыс жоспары анық болды. Мақсат аурудың алдын-алу және ерте сатыда күресіп, өлім-жітім санын азайту. Ағымдағы жылдың 10 айында облыста туберкулез дертінің таралу көрсеткіші 13,7%  төмендеген. Өлім-жітім көрсеткіші  1,4 пайызды құрап отыр. Сала мамандары өңірдегі дерттің таралу деңгейін саралап, емдеудің тың тәсілдерімен бөлісті.   

Қазіргі уақытта туберкулезді зертхана әдісімен анықтау толықтай жетілдірілуде. Мысалы, туберкулез ауруы қоздырғышының дәріге сезімтал немесе төзімді екенін анықтау үшін бұрын 1-2 ай уақыт қажет болса, қазір G-Xpert ап­паратының көмегімен бұл сұрақтың жауабы небәрі 2 сағатта дайын болады. Озық инновациялық зертханалық технологиялар туберкулезді және көптеген дәрілерге төзімділікті жедел анықтауға мүмкіндік береді және соның нәтижесінде науқасқа қажетті ем уақытылы тағайын­далады. Қазіргі таңда G-Xpert аппараты Қазақ­станның барлық аймақтарында бар.

ҚАСЫМЖАН ТӘШМЕТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТУБЕРКУЛЕЗГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ДИСПАНСЕРДІҢ БАС ДӘРІГЕРІ

Біздің елде туберкулез дертімен күрес жолында ұлттық стратегия және «Денсаулық» бағдарламасы бар. Эпидемиологиялық жағдайды бірқалыпты ұстап, таралу деңгейін төмендету мақсатында 2020 жылы 100 мың  адамға шаққанда  жаңа ауырғандардың саны 50-ден аспауы керек. Ал, 2025 жылы 100 мың адамға шаққанда туберкулездің таралу көрсеткіштері 50-ден аспау керек. Сол жылдары болашақта  дерттен көз жұмғандар мүлдем болмауы керек. Осы мақсатқа жету үшін дүниежүзілік  денсаулық сақтау ұйымы жылына туберкулезбен ауырғандардың саны 10 пайыздан кем түспеуі керек деген мақсатты алға қойып отыр. Біздің елдегі ұлттық стратегиялар  бұл дертті азайтуға қауқарлы.

Қазақстан Республикасының «Денсаулық» бағдарламасын  дамыту және мемлекеттік бағдарламаны іске асыру кезеңінде  2016-2025 жылдарға арнап туберкулезді бақылаудың жаңа моделін қалыптастырған болатын. Жаңаша енгізілген модель жұмысы бойынша  орталық қызметі бір арнаға тоғысып, аталған сала мамандарының жұмысын жеңілдеткен. Ақ халаттылардың жұмысы сараланып, әрқайсысына өзіндік міндет жүктелген. Тіпті сала мамандары ендігі науқастарды ұялы телефон яғни смартон көмегімен қадағалап отыруға мүмкіндік алған. Үй жағдайында ем-дом алып жүрген науқастар  бейне байланысқа шығып дәріні қабылдау уақытында есеп беріп тұрады.     

СЕРІК НҰРМАХАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ  БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ТАУАР ҚАУІПСІЗДІГІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Туберкулездің алдын-алудың бірден бір жолы ол балаларға туған бетте қойылатын екпелер. Ал есейе келе  міндетті түрде кезеңдік дәрігердің тексеруінен өтіп тұру керек. Флюорографиялық тексеріс өте маңызды. Мемлекеттік және жекеменшік мекемелер бірлесіп, жұмыстар жүргізілуде. Әйтсе де екпе жасатудан бас тартып жатқандар да бар. Ата-аналарға балаларына екпе жасатудан қорықпай, аурудың алдын алуға шақырамыз.

Қазақстанда  туберкулез дертін тегін емдеуге  барлық жағдай жасалған. Туберкулезді жою үшін, қоғамның денсаулық сақтау жүктемесіне денсаулық сақтау қызметкерлерінің күші ғана емес, сонымен бірге бүкіл халықтың  жоғары белсенділігі, әлеуметтік міндеттемелері   қажет.

 БАЛАУСА ЖАҚСЫБАЙ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ  «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҢ АЛДАҒЫ 3 ЖЫЛҒЫ БЮДЖЕТІ БЕКІТІЛДІ
18:14, 13 желтоқсан 2019
ОБЛЫСТЫҢ АЛДАҒЫ 3 ЖЫЛҒЫ БЮДЖЕТІ БЕКІТІЛДІ
Толығырақ...
 6 ЖАСАР БАЛА КАРДИОХИРУГ БОЛУДЫ АРМАНДАЙДЫ
18:12, 13 желтоқсан 2019
6 ЖАСАР БАЛА КАРДИОХИРУГ БОЛУДЫ АРМАНДАЙДЫ
Толығырақ...
ҒАЛЫМ, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ СӘБИТ ЖӘМБЕК - 60 ЖАСТА!
18:10, 13 желтоқсан 2019
ҒАЛЫМ, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ СӘБИТ ЖӘМБЕК - 60 ЖА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

15:41, 13 желтоқсан 2019
ҒАЛЫМ, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ СӘБИТ ЖӘМБЕК - 60 ЖА...
Толығырақ...
 «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ САЯСИ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫНДА АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
15:41, 13 желтоқсан 2019
«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ САЯСИ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫНДА АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛ...
Толығырақ...
КӨШЕЛЕРГЕ ОРТАША ЖӨНДЕУ ЖҮРГІЗУГЕ ОБЛЫС БЮДЖЕТІНЕН 500 МИЛЛОН ТЕҢГЕ БӨЛІНГЕН
17:21, 12 желтоқсан 2019
КӨШЕЛЕРГЕ ОРТАША ЖӨНДЕУ ЖҮРГІЗУГЕ ОБЛЫС БЮДЖЕТІНЕН 500 МИЛЛО...
Толығырақ...