ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫ МӘЛІМДЕМЕСІ: СИРИЯДА ТЕРРОРИСТЕРДІҢ ТҰТҚЫНЫНА ТҮСКЕН 47 АЗАМАТЫМЫЗ ЕЛГЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

ТУҒАН ТІЛ ЖӘНЕ ЖАС ҰРПАҚ

19:59, 15 наурыз 2019

РКС: Жастар саясаты мен тіл саясаты қашан да қатар жүзеге асуы қажет. Себебі, мемлекеттік тілде еркін сөйлей алатын жастар ғана елдің одан әрі дамуына өзіндік үлесін қоса алады. Елбасының соңғы бағдарламалық құжаттарында да ұлттық құндылықтарды жоғары қойып, тарихымызға терең бойлау қажеттігі ерекше айтылады. Ол үшін, әрине, ана тілін жетік меңгеріп қана қоймай, оның мәртебесін арттыруға ат салысу қажет.   

СНХ: РАМИДА ЕЛТАЕВА, АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ /// Қазақ тілін меңгерген жастар – еліміздің болашағы. Өзіңіз білесіз, былтырғы Елбасы Жолдауында 2019 жылды «Жастар жылы» деп атап өтті. Сол қатарда жастарымыздың арасында тілдің дамуына және оның қолданыс аясын кеңейтуге өздерінің үлестерін қосып, ұсыныстары болып жатса, проблемалары болса, соларды талқылауға жастармен жиналып жатырмыз.

РКС: Бүгінгі таңда облыс орталығында 1200-ден астам өзге ұлт өкілі қазақ тілінде сөйлейді. Солардың бірі, кішкентайынан қазақ тілін меңгеріп, мектепте қазақша білім алған Егор Тихонов. Бүгінгі таңда ол Ж.Мусин атындағы жоғары қазақ педагогикалық колледжі филология факультетінің студенті.   

СНХ: ЕГОР ТИХОНОВ, Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ /// Мемлекеттік тілді білу – әркімге міндет деп ойлаймын. Себебі, өзіміздің туған елімізде, туған жерімізде тұрғаннан кейін әрқайсысына керек деп ойлаймын. Туған тілін шұбарлап сөйлейтін  адамдар жайында Паустовский «Өзінің тіліне жаны ашымаған адам - жәндік» деп айтқан екен. Соның сөзімен толықтай келісемін.       

РКС: Кездесуде өңірдің белсенді жастары мемлекеттік тілге қатысты өздерінің баяндамаларын оқып, пікірталас жүргізді. Бұдан бөлек, өкілетті тұлғалар облыстағы жастар саясатының жүзеге асырылу барысы жайында сөз қозғап, «Жастар жылы» аясында жастарға жан-жақты қолдау көрсету жоспарланып отырғанын мәлімдеді. Солардың қатарында, жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету, жұмысқа орналастыру және сапалы білім беру мен жатақхана мәселесін шешуге қатысты мәселелер бірінші кезекте тұр.     

ӘЙГЕРІМ МЕРЕКЕҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

 «ЖАҢА МЕКТЕПКЕ – ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ
18:59, 14 наурыз 2019
«ЖАҢА МЕКТЕПКЕ – ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ
Толығырақ...
ПАУЭРЛИФТИНГ. КОМАНДА ҚОРЖЫНЫНДА 9 МЕДАЛЬ
15:10, 14 наурыз 2019
ПАУЭРЛИФТИНГ. КОМАНДА ҚОРЖЫНЫНДА 9 МЕДАЛЬ
Толығырақ...