«ТУҒАН ЖЕР». ЕЛБАСЫ ЖӘНЕ ЕЛ ТАРИХЫ

Жаңа тұрпатты жаңғыртудың ең басты шарты – ұлттық кодыңды сақтай білу.

17:06, 20 сәуір 2017   272

Жаңа тұрпатты жаңғыртудың ең басты шарты – ұлттық кодыңды сақтай білу. Бұл ретте Елбасы өзінің мақаласында жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс екенін, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажеттігін алға тартады. Бұл ретте Ақмола облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен бірқатар іс-шаралар қолға алынғанын тілге тиек етпекшіміз.

Елбасы рухани жаңғыру арқылы болашаққа бағдар жасай отырып жазған  мақаласында «Туған жер» бағдарламасын қолға алу қажеттігін айтады. Өйткені, мемлекет басшысы осы бағдарлама арқылы жалпыұлттық патриотизмді қалыптастыруды көздейді. Бұл ретте Ақмола облысында бірқатар игі шаралар жүзеге асырылып, инновациялық жобалар қолға алынғанын айта кету керек.

Облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкерлері Елбасының «Туған жер» бағдарламасы мен «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасының маңызы зор екенін айта отырып, осы бағытта бірқатар іс-шаралар жоспарын бекіткенін алға тартады.

Айта кетейік, бүгінде өңірімізде «100 жаңа есім» жобасының өңірлік нұсқасын жасау бағытында да бірқатар жұмыстар қолға алынуда.

 

Бибінұр Әмірханқызы, Бауыржан Смағұлов 

«Қазақстан-Көкшетау» телеарнасының ресми сайты

020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Куйбышев көшесі, 19 үй Байланыс телефондары: 8 (716 2) 40-13-75