ТУҒАН ЖЕРГЕ ТУЫҢДЫ ТІК!

Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша атсалысу - шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі.

16:38, 19 мамыр 2017   66

Туған жерге, оның мәдениеті мен  салт-дәстүрлеріне айрықша атсалысу - шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі. Елбасы «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында туған жерге қатысты келелі ойлар айтады.  Мемлекет басшысы  қазақ елін көркейтіп, ұлттық құндылықтарды өскелең ұрпаққа дәріптеу мақсатында «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынды. Осыған орай  Ақмола облысында айтулы бағдарламаны жүзеге асыру бағытында атқарылар жұмыстар қазіргі уақытта пысықталу үстінде.

 «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыруға байланысты жасалған жоспарды жан-жақты талқылаған  сараптамалық комиссияның алғашқы  отырысы өтті. Жиын барысында елді мекендерді дамытуға көңіл бөлу, ауыл-аймақ атауларының шығу тарихын бүгінгі өскелең ұрпаққа түсіндіру, тарихи жәдігерлерді ұлықтау сияқты бірқатар  ұсыныстар мен жүргізіліп жатқан жұмыстар жайында айтылды.

200-ге тарта атқарылуы тиіс жұмыс тізімі жазылған жоспар кеңес мүшелерінің шешімімен кері қайтарылатын болды. Өйткені бағдарламаға сәйкес атқарылуы тиіс нақты жұмыстар тізімі толық көрсетілмеген деген пайымға келді жиналған қауым.

Сараптамалық комиссия  құрамына өңірдің зиялы қауым өкілдері кірген. Бүгіндері 18 мүшесі бар комиссияның қатарын алдағы уақытта тарих саласының білікті мамандары толықтырады деп жоспарланып отыр.

 

Айгүл Мырзағалиқызы, Данияр Жұмағұлов

«Қазақстан-Көкшетау» телеарнасының ресми сайты

020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Куйбышев көшесі, 19 үй Байланыс телефондары: 8 (716 2) 40-13-75