ШҰҒЫЛ! ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ОТАНДЫҚ ӨНІМНІҢ ҮЛЕСІ АРТУДА Толығырақ

«ТУҒАН ЖЕРІМ – ҚАЗАҚСТАНЫМ» ПОЭЗИЯ БАЙҚАУЫ

17:20, 7 қараша 2019


«Туған жерім – Қазақстаным». Осындай атаумен «Қоғамдық келісім» үйінде өзге ұлт өкілдері арасында поэзия байқауы өтті. «Адырна» ұлттық этнографиялық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен байқауда 14-29 жас аралығындағы түрлі этнос өкілдері туған жер жайлы шығармаларды жатқа оқыды.

Жастардың арасында қазақ халқының тілі мен мәдениетін насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шараға 20-дан астам өтініш келіп түскен. Әр талапкер сайыс шарты бойынша өлең шумақтарын мәнерлеп оқудан өзара тартысқа түсті. Байқау барысында орыс, неміс, украин ұлтының өкілдері өлең оқудағы шеберліктерін көрсетті.

АРМАН ӘУБӘКІР, «АДЫРНА» ҰЛТТЫҚ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ БІРЛЕСТІГІ» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Бұл жобаның негізгі өзегі Алматыда 22-ші қарашаға қарай өтетін болады. Байқаудың қосымшасы ретінде біз солтүстік өңірлерде әсіресе, өзге ұлт өкілдері басым аймақтарда өзге ұлт өкілдерінің арасынан қазақ поэзиясын оқу бойынша байқау ұйымдастырдық. Біз бұған дейін Қостанай қаласында шара өткіздік. Олардың қазақ тілін білуге, қазақ поэзиясын оқуға әсіресе, отаншылдық тақырыптағы өлеңдерді оқуға деген талпыныстары бәрімізді қуантады. Тек мықты жеңімпаздар ғана жеңіске жетсін деген тілектеміз.

МАРЗИЯТ ТОХАЕВА, ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АҚМОЛА АССАМБЛЕЯСЫ ХАТШЫЛЫҒЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ

Байқау қатысушысы Карина Роот қазақ тілін жастайынан жетік меңгерген. Бүгінде ол мемлекеттік тілде жақсы сөйлейді. Туып-өскен жеріңнің тілін, мәдениетін білу – парызың деп санайды.

КАРИНА РООТ, БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ

Осы конкурс жайында естіген кезде бірден қатысамын деген шешімге келдім. Конкурс жайлы айтатын болсам, қатысушылардың барлығы жақсы деңгейде дайындалып келген. Қатысушыларға сәттілік, өзіме жеңіс тілеймін. Менің оқу орнымнан тағы да екі қыз қатысып жатыр. Екеуі де жақсы дайындалып келді. Өлеңдерінің мағыналары терең, жақсы. Менің ойымша, бүгін қатысып жатқан қатысушылардың ішінде барлығы қазақша біледі және қазақ тілінде еркін сөйлей алады.

Айта кетейік, «Туған жер» республикалық жобасы аясында өткен поэзия байқауы Петропавл, Павлодар қалаларында жалғасын таппақ.

АЙЖАН АҚТАЕВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

 «БОЛАШАҚ» СТИПЕНДИЯСЫНА ІРІКТЕУ ТАЛАПТАРЫ ӨЗГЕРДІ
19:59, 29 мамыр 2020
«БОЛАШАҚ» СТИПЕНДИЯСЫНА ІРІКТЕУ ТАЛАПТАРЫ ӨЗГЕРДІ
Толығырақ...
МАУСЫМНАН БАСТАП КАРАНТИНДІК ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЖЕҢІЛДЕЙДІ
19:58, 29 мамыр 2020
МАУСЫМНАН БАСТАП КАРАНТИНДІК ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЖЕҢІЛДЕЙДІ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНА САПАРЫ
19:57, 29 мамыр 2020
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНА САПАРЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МАҚТААРАЛҒА 45 ТОННА КӨМЕК ЖӨНЕЛТІЛГЕН
13:23, 29 мамыр 2020
МАҚТААРАЛҒА 45 ТОННА КӨМЕК ЖӨНЕЛТІЛГЕН
Толығырақ...
ЕЛБАСЫНЫҢ  ХАЛЫҚАРАЛЫҚ  БАСТАМАЛАРЫ. ТӘЖІРИБЕ МЕН БАСЫМДЫҚТАР
17:03, 29 мамыр 2020
ЕЛБАСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАСТАМАЛАРЫ. ТӘЖІРИБЕ МЕН БАСЫМДЫҚТА...
Толығырақ...