ШҰҒЫЛ! ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ОТАНДЫҚ ӨНІМНІҢ ҮЛЕСІ АРТУДА Толығырақ

ТҮЛЕКТЕР САБАҚТАСТЫҒЫ

18:15, 6 қараша 2019


Ғасырлық тарихы бар Мәлік Ғабдуллин атындағы көптілде оқытатын кәсіби мектеп-гимназиясында бүгін ерекше күн. Мектептің 100 жылдық мерейтойы қарсаңында ұлағатты ұстаз Ботагөз Хамитқызы өзі жетекшілік жасаған үш буын түлектерінің басын қосты.

Мектеп кезі тамаша! Түлектермен кездесу кеші осылай аталды. Салтанат залына жиналған ұстаздар қауымы өздері білім нәрімен сусындатып, өмір айдынына шығарып салған түлектерімен қайта қауышар сәтті асыға күтуде.

БОТАГӨЗ АХМЕТЖАНОВА, ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ:

Осы мектепте 20 жылдай қызмет атқарамын, сол 20 жыл ішінде өзімнің алдымнан білім алып, бітіріп кеткен түлектерімнің басын қосып жатырмын. 2006, 2013 жылғы түлектер және биылғы мектебіміздің 100 жылдығы қарсаңында бітірейін деп жатқан 2020 жылғы түлектер. Үш түлектердің басын қосудағы мақсатымыз – үш түлектің бір-бірімен арман-ойларымен бөлісуі, олардың бүгінгі күні өмірде бір кірпіш болып қаланған орындары туралы мағлұмат алу, бүгінгі тыныс-тіршілігі туралы ортаға салып, өздеріне білім берген ұстаздарымен қауыштыру.

Салтанатты шараға жан-жақтан жиналып келген түлектер өмірде қол жеткізген мақсат-мұраттарымен бөлісіп, ізбасарларына ақыл-кеңестерін айтты. Бүгінде бір-бір маман иесі атанған түлектердің білікті білім ошағы мен ұлағатты ұстаздарына деген ақжарма алғыстары ақтарылды.

МАРЖАН ЖАҚСАНОВА, 2013 ЖЫЛҒЫ МЕКТЕП ТҮЛЕГІ:

Мен осы мектепті 2013 жылы «Алтын белгіге» бітірген болатынмын. Сол жылы Алматы қаласының Қазақ Ұлттық университетіне түстім. Сібірдің жүрегі атанған Томск қаласында магистратураны тәмамдадым. Қазірде Көкшетау қалсындағы Ш.Уәлиханов атындағы мемлекеттік университетің ұстазымын.Мектеп ұжымына алдағы уақытта тек қана шығармашылық табыстар тілейміз.

ТЕМІРЛАН ТЕМІРБЕКОВ, 11-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ:

Бүгінгі іс-шарамыз мектебіміздің тарихында үлкен роль атқарады.Мектебімнің көркеюіне тілектеспін, ұстаздарыма шыдамдылық, мол бақыт, ашық аспан тілеймін!

Кездесу соңында ән мен жырдан шашу шашылып, ұрпақ тәрбиелеу жолында адал қызмет етіп келе жатқан мұғалімдерге ілтипат көрсетілді.   

ЕРДІГҮЛ ДӘДІБАСҚЫЗЫ,  БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

 «БОЛАШАҚ» СТИПЕНДИЯСЫНА ІРІКТЕУ ТАЛАПТАРЫ ӨЗГЕРДІ
19:59, 29 мамыр 2020
«БОЛАШАҚ» СТИПЕНДИЯСЫНА ІРІКТЕУ ТАЛАПТАРЫ ӨЗГЕРДІ
Толығырақ...
МАУСЫМНАН БАСТАП КАРАНТИНДІК ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЖЕҢІЛДЕЙДІ
19:58, 29 мамыр 2020
МАУСЫМНАН БАСТАП КАРАНТИНДІК ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЖЕҢІЛДЕЙДІ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНА САПАРЫ
19:57, 29 мамыр 2020
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНА САПАРЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МАҚТААРАЛҒА 45 ТОННА КӨМЕК ЖӨНЕЛТІЛГЕН
13:23, 29 мамыр 2020
МАҚТААРАЛҒА 45 ТОННА КӨМЕК ЖӨНЕЛТІЛГЕН
Толығырақ...
ЕЛБАСЫНЫҢ  ХАЛЫҚАРАЛЫҚ  БАСТАМАЛАРЫ. ТӘЖІРИБЕ МЕН БАСЫМДЫҚТАР
17:03, 29 мамыр 2020
ЕЛБАСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАСТАМАЛАРЫ. ТӘЖІРИБЕ МЕН БАСЫМДЫҚТА...
Толығырақ...