ШҰҒЫЛ! ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ ҚАТАҢ КАРАНТИН САҚТАЛАДЫ Толығырақ

ТҮН ТЫНЫШТЫҒЫН БҰЗҒАНДАР...

20:15, 14 шілде 2020

ДК: Көкшетау қаласында түн тыныштығын бұзған мотоцикл жүргізушілері әкімшілік жауапкершілікке тартылуда. Бұдан бөлек, өзінің ғана емес, өзгенің де өмірін қиған жанкештер қос дөңгелекті көліктерін еш құжатсыз айдауды әдетке айналдырған.  

РКС: Мотоцикл жүргізушілері облыс орталығының көшелерінде кешкі және түнгі жарыстар ұйымдастырып, халықтың мазасын қашыруда. Түн тыныштығы бұзылған қала тұрғындары амалсыздан тәртіп сақшыларына шағымдануда.

СНХ: ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: /рус/ Знаете, как будто намеренно они на перекрестке так газуют. И да такой степени шумят. А это же ночь. У всех окна открыты. Люди спят и отдыхают. ....Дәл қиылысқа келгенде, әдейі газдарын басқыштап, дауысын қатайтады. Шуы өте қатты естіледі. Терезелеріміз ашық тұрады. Ал, түнде бәрі демалып, ұйықтап жатады емес пе.

СНХ: ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: /рус/ Здесь работаю. Сторожу. Сутками выступаю. Обычно вечереом после 11. Ездят по Абая, по Ауельбекова. +Бывает так громко ездят по городу. Осы маңда жұмыс істеймін. Тәулік бойы күзетшілікте жүремін. Кешкі сағат 11-ден кейін басталады. Әсіресе, Абай мен Әуелбеков  көшелерінде мотоциклдар ызғып, көп жүреді.

СНХ: ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: /рус/ И не только мотоциклы беспокоят. И машины. Тоже молодежь ездеет и включают на полную музыку.....Мотоциклдар ғана емес, көлік айдаған жастар да қатты жүреді. Оған қоса көліктегі әуендерінің дауысын көтеріп ұйықтатпайды.  

РКС: Осындай, шағымдардың көбеюіне байланысты тәртіп сақшылары қалада рейдтік жұмыстар жүргізіп, 16 мотокөлік иесі тексерген. Жол-көлік ережелерін бұзған 5 мотоцикл жүргізушісі әкімшілік жауапкершілкке тартылған. Олардың жүргізушілік куәліктері мүлдем болмай шыққандықтан, қос дөңгелекті көліктері айыппұл тұрағына қойылған.   

 СНХ: АСЛАН ҚЫЗБИКЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ: /рус/ Данная работа проводится в первую очередь сохранение жизни и здоровья самих мотоциклистов, любителей мото и других таких транпортных средств. Данная работа по обеспеычению безопасности проводится на постоянной основе. +Так же данное мероприятие будет проводится в воскресные и выходные дни. + ну и в курортной зоне где массовое скапление людей, так же на трассах, больших населенных пунктах будем отрабатывать, в том числе г. Щучинск, Степногорск, Атбасар, и магистральные у нас трассы.....Мұндай жұмыстар алдымен мотоцикл жүргізушілерінің өз өмірін сақтауға бағытталған. Тұрғындардың да қауіпсіздігін сақтау мақсатында рейдттік жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде. Енді демалыс күндері де өткізуді қолға алып отырмыз. Тіпті, көпшілік жиналған курорттық аймақтарда, трассалар мен үлкен елдімекендердің аумақтарында, әсіресе, Щучинск, Степногорск, Атбасар сынды аудан орталықтарында рейдтік шаралар ұйымдастырамыз.   

РКС: Күндізгі және түнгі рейдтік жұмыстарға 20-ға жуық автопатруль жұмылдырылған. Солардың көмегімен соңғы 2 айдың ішінде 12 мотоцикл жүргізушісі ұсталды.  

Тақырып бойынша материалдар

КАРАНТИН УАҚЫТЫНДА 120 ТОННА АНТИСЕПТИК ШЫҒАРЫЛҒАН
20:05, 14 тамыз 2020
КАРАНТИН УАҚЫТЫНДА 120 ТОННА АНТИСЕПТИК ШЫҒАРЫЛҒАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АБАЙ КҮНІ – ПАРАСАТ ПЕН ДАНАЛЫҚ МЕЙРАМЫ
20:02, 10 тамыз 2020
АБАЙ КҮНІ – ПАРАСАТ ПЕН ДАНАЛЫҚ МЕЙРАМЫ
Толығырақ...
ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «АБАЙ – РУХАНИ РЕФОРМАТОР»
19:56, 10 тамыз 2020
ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «АБАЙ – РУХАНИ РЕФОРМАТОР...
Толығырақ...