ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫ МӘЛІМДЕМЕСІ: СИРИЯДА ТЕРРОРИСТЕРДІҢ ТҰТҚЫНЫНА ТҮСКЕН 47 АЗАМАТЫМЫЗ ЕЛГЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ

18:22, 9 қаңтар 2019

РКС: Ағымдағы жылы жалдамалы 14, несиелiк 4 тұрғын үйдің құрылысы басталған. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен екi есе көп. Жыл соңына дейін аймақта 500 мың шаршы метр баспананы қолданысқа енгізу жоспарланып отыр. 

СНХ: ЕЛЕНА ЫСҚАҚОВА, ОБЛЫСТЫҚ ҚҰРЫЛЫС БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ///// 2019 - шы жылы құрлыс саласына қарастырылған қаражат көлемі 17 миллиард теңгеге жуықтайды. Себебі биылдан бастап сумен жабдықтау мәселелерімен тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және энергетика басқармасы айналысатын болады. Тұрғын үй құрлысына 8,7 миллиард теңге көлемінде қаржы қарастырылып отыр. Бұл баспана құрлысы мен оған қажетті инженерлік желілер тартуға жұмсалады. Облыс орталығында салынатын онкологиялық емхана құрлысына 1 миллиард теңге бөлінді. Сондай-ақ биыл Сандықтау балалар үйі мен Макинск қаласындағы медициналық әлеуметтік мекеме жөндеу көреді. ///      

РКС: Бұдан бөлек, биыл Бiржан сал, Целиноград, Аршалы, Ерейментау, Бұланды және Есiл аудандарында 6 дене шынықтыру-сауықтыру кешенiнiң құрылысы қолға алынған. Оған республика бюджетінен 1,1 миллиард теңге көлемінде қаржы қарастырылған.    

СНХ: ГҮЛМИРА ТАСОВА,  ОБЛЫСТЫҚ ҚҰРЫЛЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ //// 2018 - ші жылы Көкшетау қаласында 45 пәтерлі 5, Сандықтау ауданында 18 пәтерлі 1, Щучье қаласында 45 пәтерлі 1 тұрғын үй тұрмысы төмен отбасыларына үлестірілді. Бұдан басқа Көкшетау қаласында тұрғын үй құрлысы жинақ банкі арқылы несиелік 45 пәтерлі 3 баспана пайдалануға берілді. Сондай-ақ облыстық бюджет есебінен Целиноград ауданында 45,  Астрахан, Қорғалжын аудандарында 35 пәтерлі баспана салынып, қолданысқа енгізілді. ///     

 РКС:  Өткен 2018 - ші жылы "Өңiрлердi 2020 - шы жылға дейiн дамыту" бағдарламасының аясында сумен жабдықтауға байланысты 20 жоба жүзеге асу үстінде. Бұл мақсатқа 5,4 миллиард теңге бөлінген. Өткен жылдың  соңында 6 нысан пайдалануға берiлдi.

СТЭНДАП: ЕРБОЛАТ СЕРІКБАЙ, РЕДАКТОР //// Өткен 2018 - ші жылы тұрғын үй құрылысына 10 миллиардқа жуық қаражат бағытталған. Нәтижесінде 500 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілген.  Сөйтіп 5 мыңға жуық отбасы қоныс тойын тойлады. Ақмола облысы 7-20-25 мемлекеттік бағдарламасы бойынша республиканың үздiк бес аймағының қатарына кiредi. ///

РКС:  Сондай-ақ ағымдағы жылы "Ақмола жастары" бағдарламасы бастау алған. Осыған орай Көкшетау қаласында  4 тұрғын үй салынып жатыр. Бағдарламаның жоспарына сәйкес биыл 616 жас отбасы қоныс тойын тойлайтын болады.

ЕРБОЛАТ СЕРІКБАЙ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар