ШҰҒЫЛ! АБАЙЛАҢЫЗ, КӨКТАЙҒАҚ! Толығырақ

ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖАНДАНУДА

19:42, 6 мамыр 2020

 

ДИКТОР: Жарқайың ауданында 60 пәтерлі тұрғын  үйді  қайта жөндеу жұмысы  басталды. Айта кетейік, 2006 жылдан бастап тұрғын үй қорын салу және қайта жаңарту бойынша жоспарлы  жұмыстар жүргізілуде. Бүгінге дейін көппәтерлі 8 үй жөнделген. Өткен жылдың қорытындысына сәйкес  құрылыс жұмыстарының көлемі бір жарым миллиард теңгені құрады.

РКС: Осы жылы ауданның тұрғын үй құрылысына 305 миллион теңге инвестиция тартылды. Құрылыс қарқыны жыл өткен сайын артуда. Өткен жылдың қорытындысы бойынша алты жарым мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Көпбалалы 12 отбасы, 14 жетім бала, бюджеттік ұйымның 24 қызметкері, әлеуметтік  аз қамтылған  23 отбасы қоныс тойын тойлады.

ГРАФИКА:

Пайдалануға берілген:

2019 ж -  6 601 ш.м баспана

 

ГРАФИКА:

2019 ж. Баспанаға ие болғандар:

12 –көпбалалы отбасы

14 – жетім балалар

24 - бюджеттік ұйым қызметкері

23 – аз қамтылған отбасы

РКС: Қазіргі уақытта "Молодежный" шағын ауданындағы тұрғын үйді  қайта  жаңғырту жұмысы жүргізілуде. Сонымен қатар, инженерлік желілер құрылысы жандануда. Аталған жұмыстар "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында облыстық бюджет есебінен жүргізілуде.

 

СНХ: БАУЫРЖАН ЖАМАЛИЕВ, ЖАРҚАЙЫҢ АУДАНДЫҚ ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІ ЖЕТЕКШІСІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ///60 пәтерлі тұрғын үйдің қайта жөндеу жұмысы жүргізілуде.  Қазіргі таңда үйдің сыртқы бетін жылу сақтайтын құрылыс заттермен қаптау, әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Терезелер мен шатыр орнатылды. Бұл үйде бір бөлмелі 10 пәтер, екі бөлмелі 40 және үш бөлмелі 10 пәтер  жоспарланып отыр.

РКС: Алдағы уақытта ауданда тағы үш көп пәтерлі үйді қалпына келтіру  жоспарланып отыр.

БАЛАУСА ЖАҚСЫБАЙ, СӘНИЯ КӨПЖАСАРОВА, ШЫҢҒЫС ЖҮСІПБЕКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
19:13, 29 қазан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...
23  ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
18:24, 23 қазан 2020
23 ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...