ШҰҒЫЛ! ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ОТАНДЫҚ ӨНІМНІҢ ҮЛЕСІ АРТУДА Толығырақ

ТҰРҒЫН ҮЙДЕГІ ӨРТТІҢ АЛДЫН АЛУ

18:56, 7 қазан 2019

Жылыту маусымының алдында электрқыздырғыштарды қолдану қағидасын халыққа түсіндіру мен пешпен жылытуды қолданған кезде қауіпсіздік шараларын сақтау жөнінде нұсқаулық беру өте өзекті. Осы орайда, төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің қызметкерлері өрт қауіпсіздігі айлығы аясында тұрғын үйлерге профилактикалық рейд жүргізді.

Ағымдағы жылдың 9 айында 695 өрт болып, салдарынан 13 адам қаза тапқан. Мамандар қайғылы жағдайларға көп жағдайда тұрғындардың зиянды әдеттері, әсіресе, мас күйде шылым шегу мен спирттік ішімдіктер ішу әкеліп соқтыратынын атап айтты. Айлық аясында 6588 өртке қарсы талаптарды бұзу анықталды. Мамандардың айтуынша, тұрғын үйлерге бірнеше мәрте келуге тура келеді. Себебі, рейд нәтижесінде 1795 азамат тұрғын үйлеріне кіргізбеген. Жылыту маусымы жаңа басталғанымен, облыста қайғылы жағдай орын алып отыр. 1 қазан - Астрахан ауданында 60 шаршы метр тұрғын үйде өрт болып, 1988 жылғы ер  адам қаза тапқан. Ал, Атбасар ауданында 30 шаршы метр өртке оранып, салдарынан 1955 жылғы әйел адамның мәйіті табылған. Екі жағдайда да өрт қауіпсіздігін сақтамау белгілері анықталып отыр.

АЛЕКСЕЙ СОВЕТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ

Айлық аясында біздің қызметкерлер аулаларды аралады. Біз 24 мыңнан астам үйді аралап, 53 мыңнан астам тұрғынға нұсқаулық бердік. Аталмыш жұмыс жалғасын табуда. Алайда, үгіт-насихат, өрттің алдын-алуға қатысты  белсенді жұмыстарға қарамастан, біздегі статистика жағдайы мәз емес. Жыл басынан бері өрт кезінде 13 адам қаза тапты. 2018 жылдың 9 айында бұл статистика 18 адамды құрады. Сонымен қатар, ағымдағы жылы өрт салдарынан 3 адам зардап шекті. Тұрғын үйлердегі өрттің негізгі себебі – адамдар салғырттығы, өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтамау болып табылады.

АЙЖАН АҚТАЕВА, ЕРМЕК МАХМЕТОВ «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

 «БОЛАШАҚ» СТИПЕНДИЯСЫНА ІРІКТЕУ ТАЛАПТАРЫ ӨЗГЕРДІ
19:59, 29 мамыр 2020
«БОЛАШАҚ» СТИПЕНДИЯСЫНА ІРІКТЕУ ТАЛАПТАРЫ ӨЗГЕРДІ
Толығырақ...
МАУСЫМНАН БАСТАП КАРАНТИНДІК ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЖЕҢІЛДЕЙДІ
19:58, 29 мамыр 2020
МАУСЫМНАН БАСТАП КАРАНТИНДІК ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЖЕҢІЛДЕЙДІ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНА САПАРЫ
19:57, 29 мамыр 2020
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНА САПАРЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МАҚТААРАЛҒА 45 ТОННА КӨМЕК ЖӨНЕЛТІЛГЕН
13:23, 29 мамыр 2020
МАҚТААРАЛҒА 45 ТОННА КӨМЕК ЖӨНЕЛТІЛГЕН
Толығырақ...
ЕЛБАСЫНЫҢ  ХАЛЫҚАРАЛЫҚ  БАСТАМАЛАРЫ. ТӘЖІРИБЕ МЕН БАСЫМДЫҚТАР
17:03, 29 мамыр 2020
ЕЛБАСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАСТАМАЛАРЫ. ТӘЖІРИБЕ МЕН БАСЫМДЫҚТА...
Толығырақ...