ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ Толығырақ

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ЖАНАЙҚАЙЫ

19:36, 19 қараша 2020

ДИКТОР: Соңғы күндері әлеуметтік желіде облыс орталығындағы көпқабатты тұрғын үйлердің иелері пәтерлерінің суық екенін жарыса жазып жатыр. Соңғы тәуліктерде  бөлмелердегі температура нормадан 2-3 градусқа төмендеп кеткен. Біздің редакциямызға бір топ тұрғын хабарласып,  мәселенің анық-қанығын анықтауымызды өтінді. Әріптесім Табысбек Үсен жылуға жауапты мекеменің өкілдерімен пәтерлердегі жағдайды өз көзімен көріп қайтты.  

РКС: Карина Микишева таңертең төсектен тұра салып, жылыту құралын қосуды әдетке айналдырған. Үй суық болғандықтан, күні бойы пәтер ішінде  сырт киіммен жүруге мәжбүр екенін айтады.

СНХ: КАРИНА МИКИШЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ///аударма///Түнде бірнеше көрпе жамылып ұйықтаймыз. Үй ішінде сырт киіммен жүреміз. Шынын айтсам, электр жылытқышсыз күніміз өтпейді. Ас үй мен жатын бөлмеде 17 градустан төмен. Төрт жастағы бала бар. Оны балабақшадан әкелгеннен кейін электр жылытқыштың жанына отырғызып қоямыз.  Өйткені үй өте суық.

РКС: Юбилейный шағын ауданындағы 43-ші үйдің тұрғындары бір апта бойы электр жылытқыштың көмегімен жан сақтап отыр. Ал бұл өз кезегінде тұрғындардың қалтасын қағады. Өйткені, электр қуатының бағасы қымбат.  Қаланың бірнеше шағын ауданында осындай жағдай қалыптасып отыр.  Тұрғын үйлердің қыс түспей неліктен суып кетті? Жылуға жауапты компанияның салғырттығы ма? Тұрғындарды мазалайтын сауал көп.

СНХ: ВАЛЕРИЙ МЕНГУЛОВ, "КӨКШЕТАУ ЖЫЛУ" КОМПАНИЯСЫ ДИСПЕТЧЕРЛІК ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСТЫҒЫ///аударма///Бізге Тәшенов көшесіндегі 54-ші үй тұрғындарынан көп шағым түсті. Біз бұл үйді тексердік. Шынында да, үй ішіне келетін құбырлардағы судың шығыны жеткіліксіз екендігі анықталды. Соның салдарынан температура төмендеп кеткен. Біз пәтер иелері кооперативіне ескертіп, хаттама толтырдық. Сүзгілерді тазартқаннан кейін температура қалыпқа келді, бірақ әлі бәрінде бірдей емес.

РКС: Жылу беру маусымы басталғалы қазандықтар қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Апатты жағдайлар болған жоқ. Мамандар көп ретте мұндай жағдайдың орын алуына тұрғындардың өздері кінәлі екенін айтады. Өйткені, пәтерлерінде жылу жүйелерін ауыстырған кезде стандарттарды сақтамайды. Сондықтан, жылу берген кезде қысым төмендейді.     

(Тепловые сети.

-Температурный режим в помещениях проверяем.

-Вчера только были, конечно жалуемся. Жена болеет, не могу вас пустить.

-А стояк так и не работает?

- Нет, не работает.

-Сейчас мы прошлись по первому этажу в основном юридические лица. + Там многочисленные нарушения, которые влияют на ваш дом. Собственников этих юридических организаций вызовите и соберите, пусть восстанавливают. Пока не восстановят, у вас не будет тепло)

СНХ: ВАЛЕРИЙ МЕНГУЛОВ, "КӨКШЕТАУ ЖЫЛУ" КОМПАНИЯСЫ ДИСПЕТЧЕРЛІК ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСТЫҒЫ///аударма///Біз жобалау кестесінде өзгерістердің бар екенін байқап тұрмыз. Бірінші қабаттағы дүкендерді де тексердік Құбырлардың көбінің диаметрі кішірейген. 25 миллиметрден 15-ке дейін қысқартып тастаған. Ол судың айналымына кері әсерін тигізеді. Содан кейін, әрине, бұл пәтерлерде температура нормаға сәйкес келмейді.

РКС: Тұрғындар пәтерлерін жөндеп, жылу жүйелерін ауыстырғаннан кейін осындай қиындықтарға тап болатынын ойламайды. Салғырттықтың кесірі әдетте көршілерге, қарттар мен балаларға тиіп жатады.

(Две пары  носков, теплые тапочки и мне холодно.

- А потеплело когда?

- Вот сегодня ночью.)

РКС: Естеріңізге сала кетейік, белгіленген норма бойынша бөлме температурасы 20 градустан жоғары болуы керек. Жалпы Көкшетау қаласы бойынша көп қабатты тұрғын үйлерде тұратын 47 мың тұрғынның  900-ден астамынан әлеуметтік желілер арқылы жылуға қатысты шағым түскен.  

ТАБЫСБЕК ҮСЕН, АБАЙ КӘКІМБЕК, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.

        

 

 

Тақырып бойынша материалдар

САЙЛАУҒА ТҮСЕТІН АЛҒАШҚЫ ПАРТИЯ ТІРКЕЛДІ
19:18, 24 қараша 2020
САЙЛАУҒА ТҮСЕТІН АЛҒАШҚЫ ПАРТИЯ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар