ШҰҒЫЛ! 75 ЖАНҰЯ ҚОНЫС ТОЙЫН ТОЙЛАДЫ Толығырақ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ТОБЫ КӨКШЕДЕ

18:24, 12 тамыз 2019

ДК: Ақмола облысына ақпараттық тур аясында Түркістан облысының бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері келді. Сапар барысында ақпараттық топ мүшелері «Серпін» бағдарламасы бойынша оңтүстіктен солтүстікке көшіп келген ағайынның тұрмыс жағдайымен танысып, хабардар болды. Сондай-ақ, меймандар өңірдің киелі жерлерін аралады.

РКС: Тұңғыш Президент-Елбасының тапсырмасы бойынша 2015 жылдан бастап жұмыс күші аз солтүстік өңірге оңтүстік аймақтардан халықты өз еркімен қоныстандыру, оларға қажетті жағдай жасау жұмыстары бастау алды. Бүгінде қоныс аударғандардың басым бөлігі тұрғын үй және жұмыспен қамтылған. Бағдарлама басталғалы бері 2019 жылдың 1 шілдесіне дейін Түркістан облысынан 282 отбасы Солтүстік өңірлерге қоныс аударды.

СНХ: НҰРЛЫ ОРАЗ, ЗЕРЕНДІ АУДАНДЫҚ ВЕТЕРИНАРИЯ БӨЛІМІНІҢ  МАМАНЫ Жұмыс жағы бәрі жақсы болып жатса, қалуға болады. Төрт жыл болды жүргенімізге ауа-райына үйреніп қалдық. Жұмыста бәрі орнымен, ешқандай қысым жоқ.  Әлі күнге дейін келіп жатыр. Биыл да жиналды «Серпін». Көрші, жерлестерімізге айтамыз келіңдер, жұмыс табылады деп.

РКС: 2018-2019 оқу жылында Ақмола облысында «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша 1746 студент білім алуда. Соның бірі - Байжігіт Боранбай. Ол «Серпін» бағдарламасы арқылы 2017 жылы оқуын тәмамдап, өзі оқыған Жоғары агротехникалық колледжіне жұмысқа орналасқан. Бүгінде отбасымен Шағалалы елдімекенінде тұрады. Осы бағдарлама бойынша оқығанына өкінбейтінін айтып, жерлестерін оқуға шақырады.

СНХ: БАЙЖІГІТ БОРАНБАЙ, ЖОҒАРЫ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ Жалпы, «Серпін» бағдарламасын қазір білмейтін ата-ана, білмейтін жас түлектер жоқ шығар. Онда барлық жастарға ыңғайлы жағдай жасалған. Тегін жатақхана, үш мезгіл тегін ас. Қаламын деушілерге жалпы, өзі еңбек етіп талпынса, жұмыс тауып, осында қалуға болады міндетті түрде. Барлық жастарды осында шақырар едім. Осы Көкшетау өңіріне. Себебі, мұнда жастарға деген барлық жағдайлар жасалған.

РКС: Журналистерден құралған ақпараттық топ Солтүстік өңірге жасалған сапардың жоғары деңгейде өткенін айтып, жерлестерінің жағдайының жақсы екеніне сенімді екендерін жеткізді.

СНХ: ДИНАРА НАҚЫПБЕК, «ON’TUSTIK» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ТІЛШІСІ Өздеріңіз білесіздер, оңтүстік халқы тығыз орналасқандықтан, ол жақта жұмыс табу барысы өте қиын. Сондықтан, ол мәселе бұл жаққа келіп, жерлестерімізде жақсы шешіліп жатыр.  Сондықтан, жерлестеріміздің жағдайының өте жақсы екеніне көзіміз жетті. Ақмола облысына біздің «Серпінмен» оқып келетін жастарымыз көп. Олардың да өмірімен танысып жатырмыз. Жалпы, байқап қарасам, замандастарым қалуға ниет білдіріп жатыр. Оның өзі жақсы.

РКС: Білімді жастар өмірімен танысқан «Түркістан-Қызылжар-Қостанай-Көкшетау» ақпараттық турының делегациясы сапар барысында Көкше өңірінің киелі жерлерін аралады. 

АЙЖАН АҚТАЕВА, САБЫР ҚҰЛАТАЙ «КӨКШЕ-АҚПАРАТ».

Тақырып бойынша материалдар

БІРҚАТАР НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІҢ ЖОБАЛАРЫ ҚАРАЛДЫ
19:38, 6 желтоқсан 2019
БІРҚАТАР НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІҢ ЖОБАЛАРЫ ҚАРАЛДЫ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР БОЙЫНША «АШЫҚ ЕСІК» КҮНІ ӨТТІ
19:20, 6 желтоқсан 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР БОЙЫНША «АШЫҚ ЕСІК» КҮНІ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

16:38, 6 желтоқсан 2019
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІҢ ӨЗЕКТІ АСПЕКТІЛЕРІ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ
16:32, 3 желтоқсан 2019
ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ
Толығырақ...
КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ
16:28, 3 желтоқсан 2019
КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ
Толығырақ...