ШҰҒЫЛ! КОРОНАВИРУСТЫ ҚАЙТА ЖҰҚТЫРУ ДЕРЕГІ ОБЛЫС АУМАҒЫНДА ТІРКЕЛГЕН ЖОҚ Толығырақ

ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ЖЫЛУ ҮШІН ҚАРЫЗЫ 192 МЛН.ТЕҢГЕ

18:41, 30 маусым 2020

 

ДК: «Көкшетау жылу» кәсіпорнының алдағы жылыту маусымына дайындығы қызу. Жыл қорытындысы бойынша ақау анықталған агрегаттар күрделі жөндеуден өтіп, құбырларды ауыстыру жұмыстары жүруде. Сонымен қатар тұтынушылардан қарызды өндіріп алу ісі де қолға алынды. Бүгінде көкшетаулықтардың жылуға қарызы 192 миллион теңгені құрайды. Айта кетейік, карантинге байланысты кәсіпорын тұтынушыларға қарыздары үшін өсімақы белгілемеген.

РКС: «Көкшетау жылу» серіктестігі биыл ұзындығы 4 шақырымды құрайтын жылу құбырларын жаңартпақ. Бұл бағыттағы жұмыстарды мемлекеттік бағдарламалар аясында қалалық құрылыс бөлімі де атқаруда. Сөйтіп, Көкшетау қаласында жыл сайын 10 шақырымнан аса жылу құбыры ауыстырылады. Сонымен қатар, қазірде ақау анықталған жылу агрегаттарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бас инженердің айтуынша, жұмыстар кестеге сай өтуде.

СНХ: ДАНИЯР АҚЫБАЕВ, «КӨКШЕТАУ ЖЫЛУ» КӘСІПОРНЫНЫҢ БАС ИНЖЕНЕРІ///аударма.///Жылу маусымы аяқталған кезде ақау анықталған агрегаттар белгіленеді. Қазірде сол жасалған актілер бойынша ағымдағы жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Қазандықтарға жөндеу жүргізілуде. Барлық жұмыстар кестеге сай өтіп жатыр. Қарағанды мен Елордадан келген мердігер компания өкілдерінің жұмысына көңіліміз толады. ///

РКС: Жылыту маусымының соңында көкшетаулықтардың қарызы 296 миллион теңгені құраған. Екі айдың ішінде 167 миллион теңге көлеміндегі қарыз өтеліп, 56 процентке азайды. Қазірде жеке тұлғалардың жылуға берешегі 152 миллион болса, заңды тұлғалардың қарызы 40 миллион теңге.

СНХ: СҰЛУШАШ ҚАЗДЕНОВА, «КӨКШЕТАУ ЖЫЛУ» КӘСІПОРЫНЫ ӨТКІЗУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ///аударма: В период ЧС положение работа по взысканию дебит задолженности у нас было приостановлена... Төтенше жағдай кезінде қарызды өндіріп алу ісі тоқтатылған болатын. Одан кейін бұл істі жалғастырдық. Бірақ сол кезде де, қазір де қарыз үшін өсімақы есептемейміз.  5 жыл бойы төлемей келе жатқан тұтынушылар бар. Олармен жұмыс жүргізіледі. Қарызды өтеудің кестесін белгілеп, ай сайын өтеуге мүмкіндік береміз. ////

РКС: Қарызы қордаланған заңды тұлғалардың бірінің жылу үшін берешегі 12 миллион теңгені құрап отыр. Нысан иесіне сотқа дейінгі ескерту жіберілді. Басқа да борышкерлермен қарызды өтеуге байланысты жұмыстар мықтап қолға алынды. Жылу кәсіпорны карантинді ескеріп, қазірде қарыз үшін өсімақы белгілемей отыр. Сондықтан, жылу маусымы басталғанға дейін көкшетаулықтардың берешектен құтылғандары жақсы,- дейді кәсіпорын мамандары.  

 

БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ, ЕРМЕК МАХМЕТОВ, ШОҚАН ТӘУКИЕВ КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Қ.ТОҚАЕВ МИНИСТРЛЕР МЕН ӘКІМДЕРДІ СЫНҒА АЛДЫ
20:30, 10 шілде 2020
Қ.ТОҚАЕВ МИНИСТРЛЕР МЕН ӘКІМДЕРДІ СЫНҒА АЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КӨПҚАБАТТЫ  12 ТҰРҒЫН  ҮЙ   ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
20:15, 7 шілде 2020
КӨПҚАБАТТЫ 12 ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Толығырақ...