ШҰҒЫЛ! ПРОВИЗОРЛЫҚ СТАЦИОНАРДАН СОҢҒЫ СЫРҚАТ ЕМДЕЛІП ШЫҚТЫ Толығырақ

«УЧАСТОК» ЖЕДЕЛ АЛДЫН-АЛУ ШАРАСЫ

13:29, 25 мамыр 2020

 

ДК: Облыстық полиция департаментінің қызметкерлері тіркеуде  тұрған азаматтарға жаппай тексеру жүргізді. Тәртіп сақшылары «Участок»  жедел алдын-алу шарасын ұйымдастырып, 17 күннің ішінде полиция департаментінің  тұрақты бақылауында тұрған 11 мыңнан  астам азамат  тексерілген.

ЕСТ.ШУМ ПӘТЕРГЕ КІРУ

РКС: Облыстық полиция департаментінде есепте тұрған тұлғалар әркез  тәртіп сақшыларының жіті назарында. Олар бір ай ішінде әкімшілік учаскелерді, пәтерлер мен аулаларды аралап,  есепте тұрған тұлғаларды және  азаматтық қару иелерін тексереді. Шара барысында 5 мың астам әуесқой аңшылардың үйдегі қарулары анықталды. Тәртіп сақшылары қаруды сақтайтын сейфтер мен тұратын орнын мұқият тексерді. Сонымен қатар, түнгі уақытта көшеде жүрген кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдерге де ескерту жасалды.

СНХ: РУСЛАН МҰСАЕВ,  ОБЛЫСТЫҚ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ //аударма///Ақмола облысының аумағында ауыр және аса ауыр қылмыстардың алдын-алу мақсатында 5-ші  жән 31 мамыр аралығында "Участок" іс-шарасы өткізілуде. Бұл іс-шара әкімшілік учаскелерде тұратындардың және тізімдік есепте тұрған адамдардың нақты санын анықтауға бағытталған. Бүгінгі күні облыс бойынша есепте тұрған  10 мыңнан астам  тұлға бар. Шара барысында 1200 пәтер тексерілді. 204 жалдамалы пәтер анықталды.

 

РКС: Ішімдікке салынып, нашақорлыққа құмартқандар жандарда  назардан тыс қалмады. Сондай-ақ, мерзімінен босатылған азаматтарда арнайы қадағаланады.  Тәртіп сақшылары ай сайын олармен жеке кездесулер ұйымдастырып тұрады. Бұл шара алдағы уақытта жалғасын табатын болады.                                                                                                                                                                                                                           

ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ МАТЕРИАЛДАРЫ БОЙЫНША КӨКШЕ АҚПАРАТҚА ДАЙЫНДАҒАН  АБЗАЛ БАЛТАБАЕВ

 

Тақырып бойынша материалдар

ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫНЫҢ ТАРИФІ ТӨМЕНДЕМЕЙДІ
20:04, 7 тамыз 2020
ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫНЫҢ ТАРИФІ ТӨМЕНДЕМЕЙДІ
Толығырақ...
ЖОСПАРЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ
20:04, 7 тамыз 2020
ЖОСПАРЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КУРОРТТЫ БУРАБАЙ КЕНТІНЕ АПАРАР ЖОЛ ЖӨНДЕЛДІ
19:08, 3 тамыз 2020
КУРОРТТЫ БУРАБАЙ КЕНТІНЕ АПАРАР ЖОЛ ЖӨНДЕЛДІ
Толығырақ...
ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖОЛМЕН ЖЕЛДЕТУ АППАРАТТАРЫНА СҰРАНЫС ЖОҒАРЫ
19:48, 5 тамыз 2020
ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖОЛМЕН ЖЕЛДЕТУ АППАРАТТАРЫНА СҰРАНЫС ЖОҒАРЫ
Толығырақ...