ШҰҒЫЛ! ҚЫЗЫЛШАҒА ҚАРСЫ КҮРЕС Толығырақ

ҮЕҰ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ

19:32, 12 шілде 2019

ДК: Жергілікті атқарушы органдар мен аймақтың үкіметтік емес ұйымдары арасында "ҚР және шетелдегі қоғамдық дипломатия" тақырыбы аясында тренинг ұйымдастырылды. Аталмыш шараға «Eurasian Expert Council» қоғамдық қоры мен Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының қызметкерлері мұрындық болып отыр. Кездесуге қатысушылар шетелдік серіктестермен қоғамдық қорлардың ынтымақтастығын жолға қою мәселесін талқылады.

РКС: Өңірлік үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған тренинг екі панельдік сессиядан тұрды. Пікірталастың бірінші жартысы қоғам белсендісі Шыңғыс Лепсібаевтың қатысуымен өтті. Спикер қоғамдық дипломатияның құралдары кең, бірақ өңірде әлі дамымаған, ал қазақстандық үкіметтік емес ұйымдар халықаралық диалог алаңдарында нашар көрсетілгенін атап өтті. Бұл бағытты жолға қою үшін не істемек керек?

СНХ: ШЫҢҒЫС ЛЕПСІБАЕВ, "EURASIAN EXPERT COUNCIL" ҚҚ ДИРЕКТОРЫ   Біз әрекет ету үшін үшін бірнеше сценарий әзірледік. Бізде ҮЕҰ қатысуымен жоспарланған 80-ге жуық іс-шаралар тізімі бар. Аймақта қоғамдық ұйымдардың пікірталасқа қатысуы өте маңызды. Қорытынды бойынша біз Сыртқы істер министрлігіне, қоғамдық даму министрлігіне және біздің қоғамдық ұйымдардың дамуына, құзыреттер алуына және халықаралық ынтымақтастыққа қатысуына мүдделі барлық мемлекеттік құрылымдарға ұсынымдар жібереміз.

РКС: Қоғамдық дипломатияның арқасында сыртқы саясаттың векторы құрылады.  Қазақстан Азаматтық альянсының вице-президенті мемлекеттің нақты сыртқы саяси мүдделерін ілгерілету азаматтық қоғам үшін маңызды екендігін атап өтті.

СНХ: ГАМАЛ ТҮЗЕЛБАЕВ "ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЗАМАТТЫҚ АЛЬЯНСЫ" ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР БІРЛЕСТІГІНІҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ Азаматтық қоғамды дамытуда диалог алаңдары ерекше орын алады, ал халықаралық тәжірибе маңызды. ҮЕҰ тек бір-бірімен ғана емес, сонымен қатар шетелдік әріптестермен де дамып, өсіп-өркендеуі, білім алуы және жұмыс істерімен бөлісуі тиіс. Бұл елдегі демократияның дамуына әсер етеді.

РКС: Естеріңізге сала кетейік, "Азаматтық қоғамды дамытудағы диалог алаңдарының рөлі: халықаралық тәжірибе" жобасы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" комерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік гранты аясында жүзеге асырылуда.

ҒАЛЫМЖАН ӨТЕМІСОВ, ЖАМАЛ ҒАБДУЛЛИНА.

Тақырып бойынша материалдар

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ. ЦИФРЛАНДЫРЫЛҒАН ЗЕРТХАНА
14:38, 19 шілде 2019
ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ. ЦИФРЛАНДЫРЫЛҒАН ЗЕРТХАНА
Толығырақ...
«ОҚЖЕТПЕС» БАЛАЛАР ФУТБОЛ КОМАНДАСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ
14:38, 19 шілде 2019
«ОҚЖЕТПЕС» БАЛАЛАР ФУТБОЛ КОМАНДАСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ЖЕҢ...
Толығырақ...
ЕЛБАСЫ БАСТАМАЛАРЫ. БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ҰРПАҚ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
14:38, 19 шілде 2019
ЕЛБАСЫ БАСТАМАЛАРЫ. БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ҰРПАҚ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҰЗЫНДЫҒЫ 16 МЫҢ МЕТР ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГІЛУДЕ
19:12, 12 шілде 2019
ҰЗЫНДЫҒЫ 16 МЫҢ МЕТР ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГІЛУДЕ
Толығырақ...