ШҰҒЫЛ! ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ОТАНДЫҚ ӨНІМНІҢ ҮЛЕСІ АРТУДА Толығырақ

ҮЙДЕ ОҚЫТЫЛАТЫН БАЛАЛАР САНЫ АРТУДА

16:19, 6 қараша 2019


Бүгінде денсаулығына байланысты үйде білім алатын балалар саны артуда. Ақмола облысы бойынша 7,5 мыңнан астам бала ерекше оқытуды қажет етеді. Оның 400-ге жуығы үйде оқытылатын мектеп жасындағылар. Үй жағдайында білім алып жатқан оқушылар жайындағы әріптесім Тұмарым Бабасанованың материалына назар аударыңыздар.    

Жыл басындағы арнайы санаққа жүгінсек, облыс бойынша 7557 мүмкіндігі шектеулі бала тіркелген. Оның 2 мыңнан астамы психологиялық дамуы кеш балалар болса, 4 мыңға жуық баланың сөйлеу қабілеті бұзылған. Мектепке бара алмайтын оқушыларға психологиялық-медициналық-педагогикалық ккеңес беру орталығы арнайы оқу бағдарламасын ұсынады. Қазіргі таңда Ақмола облысы бойынша үйде оқытуды қажет ететін мектеп жасындағылар саны 384-ке жетіп отыр.

ТОЛҚЫН АУХАТОВА, ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-МЕДИЦИНАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру орталығының міндеті ерекше балаларды оқытудағы білім бағдарламасын дайындау. Бізге ата-аналар оқу бағдарламасын анықтауды сұрап келеді. Біз оларды қабылдаймыз, тек медициналық кеңес беру комиссиясының анықтамасын сұратамыз. Дәрігерлердің жолдамасы арқылы арнайы оқыту бағдарламасын әзірлейміз.

Көкшетау қаласында ерекше балаларды оқытатын арнайы түзету мектеп-интернаты жұмыс істейді. Мұнда тілді дамытуға бағытталған, сипап сезу қабілеті бұзылғандарға арналған сенсорлы және басқа да арнайы құрал-жабдықтарымен қамтылған бөлмелер әзірленген. Үйде оқытылатын  балалардың да мектепке келіп мүмкіндігіне қарай жаттығуларына болады. Ата-аналарға да психологиялық сағаттар өткізіліп тұрады,-дейді мектеп әкімшілігі.  

ОЛЬГА БУРДИНСКАЯ,  №1 АРНАЙЫ ТҮЗЕТУ МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Біздің мектепте бүгінгі таңда үй жағдайында 41 бала білім алады. Олармен міндетті түрде арнайы мамандар, дефектологтар, психологтар жұмыс жасайды. Өкінішке орай, жыл сайын үйде білім алуды қажет ететін балалар саны көбейіп келеді. Осыдан бес жыл бұрын бізде небары 13 бала үйде оқытылған болатын.

Бұл мектепке тіркелген Дамир аутизм дертіне шалдыққан. 3-сынып оқушысы үй жағдайында білім алады. Айына арнайы білім бағдарламасы бойынша 8 сағат сабақ оқиды. Танымдық әрекеттерін түзету, тілді дамыту, оқу, санау сынды сабақтар өтеді.

БАЯН ОТАРБАЕВА, ДАМИРДЫҢ АНАСЫ

Үйде оқысақ та, мектеп өмірінен тыс қалып жатқан жоқпыз. Сол үшін де мектеп әкімшілігіне алғысымды айтамын. Бізді мектеп қабырғасында болатын барлық шараларға шақырып тұрады. Жаз мезгілінде иппотерапия мектебіне жаздырады. Ат үстінде жүру ұлымның денсаулығына жақсы әсер етеді. Бұл дертке шалдыққандарға өзгеше қарау керек.  Ұлымды оқытудың тәсілін білетін ұстазы Светлана Николаевнаға  рахметімді айтамын.

Бір өкініштісі, үйде оқитын мұндай балаларға сабақ беретін ұстаздар тапшы. Дамирге 3 жылдан бері жалғыз ғана ұстаз сабақ беріп келеді.

ТҰМАРЫМ БАБАСАНОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, ДАРХАН САҒЫН «КӨКШЕ – АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

 «БОЛАШАҚ» СТИПЕНДИЯСЫНА ІРІКТЕУ ТАЛАПТАРЫ ӨЗГЕРДІ
19:59, 29 мамыр 2020
«БОЛАШАҚ» СТИПЕНДИЯСЫНА ІРІКТЕУ ТАЛАПТАРЫ ӨЗГЕРДІ
Толығырақ...
МАУСЫМНАН БАСТАП КАРАНТИНДІК ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЖЕҢІЛДЕЙДІ
19:58, 29 мамыр 2020
МАУСЫМНАН БАСТАП КАРАНТИНДІК ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЖЕҢІЛДЕЙДІ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНА САПАРЫ
19:57, 29 мамыр 2020
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНА САПАРЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МАҚТААРАЛҒА 45 ТОННА КӨМЕК ЖӨНЕЛТІЛГЕН
13:23, 29 мамыр 2020
МАҚТААРАЛҒА 45 ТОННА КӨМЕК ЖӨНЕЛТІЛГЕН
Толығырақ...
ЕЛБАСЫНЫҢ  ХАЛЫҚАРАЛЫҚ  БАСТАМАЛАРЫ. ТӘЖІРИБЕ МЕН БАСЫМДЫҚТАР
17:03, 29 мамыр 2020
ЕЛБАСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАСТАМАЛАРЫ. ТӘЖІРИБЕ МЕН БАСЫМДЫҚТА...
Толығырақ...