ШҰҒЫЛ! ЕЛИЗАВЕТА СИНЕЛЬНИКОВА - ДЖИУ-ДЖИТСУДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ Толығырақ

ҮЙДЕГІ ӨРТТЕН 4 АДАМ ҚАЗА БОЛҒАН

18:22, 8 қараша 2019


Жылу беру маусымы жақында басталғанына қарамастан өңірдегі тұрғын үй секторында 115 өрт шығу фактілері тіркелген. Салдарынан 4 адам қаза тапса, 2 адам жарақат алған. Ыс иіс тиіп өлгендердің қатарында да 2 адам бар. Мұндай көңіл көншітер деректер брифинг барысында  келтірілді.  

Жалпы, өрттердің себептері қауіпсіздік шараларын сақтамаудан туындауда,-дейді брифингте сөз алған облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің басшылығы. Бұл келеңсіз жағдайдың орнын толтыру үшін департамент қызметкерлері жыл сайын жергілікті атқарушы органдар мен еріктілердің көмегімен төтенше жағдайлардың алдын-алу мақсатында жылу беру маусымында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізеді. Мәселен, бүгінгі күнге дейін 40 мыңға жуық тұрғын үй аулалары тексеріліп, 85 мыңдай адам қауіпсіздік шараларынан хабардар етілген.  

АЛЕКСЕЙ СОВЕТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ  ДЕМАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ:

Тұрғын үйлерді аралауда өрт қауіпсіздік шараларын түсіндірумен халықтың әлеуметтік тұрғыда осал топары да қамтамасыз етілген. Олардың қатарында көпбалалы және аз қамтылған отбасылар, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандар бар. Осындай 8 мың 268 отбасы мекенжайлық кешендерді жүргізуді қажетсінеді.  

Ыс иісі зардабынан өлім-жітімді азайту үшін мекенжайлық алдын-алу шаралары барысында тұрғын үйлерге 719 автономдық қондырғы мен 10 түтін сезгіз орнатылған. Алдағы жоспарда мұндай қондырғылардың тағы 300-ін орнату мақсат етілген. Төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары баяндалған брифингте өңірлік «Қазгидромед» мекемеснің өкілдері де қатысып, алдағы уақытта 15 дауылды естулер болатынын айтылды.

БАХЫТ МҰҚАЖАНОВА, «ҚАЗГИДРОМЕД» МЕКЕМЕСІ АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Филиалмен дауылдық ескертулер жасалды. Қарашаның 3-інен бастап жел, тұман мен көк тайғақ болатыны айтылып, ол 95 пайызға расталды. Сондықтан, қараша айының екінші жартысында түнгі ауа-райы темпереатруасы 5-тен 18 градусқа дейін, кей кездері 23 градус аралығында аяз көтеріледі. Күндіз 2-3 градус жылы болады, Ал, аяз 8 градус аралығында болмақ. Жаңбыр мен қар аралас жауын шашын болып, боран көтеріліп, көк тайғақ болады. Қарашаның үшінші жартысында керісінше, ауа-райы температурасы көтерілмек.

Төтенше жағдайлар қызметкерлерінің айуынша, қыс мезгілі басталғанша  үнемі ауа райының өзгеруін бақылап, метереологиялық ақпараттардан хабардар болу қажет. Себебі, өңірдегі өзен, көлдердің беттеріндегі мұздар әлі де жұқалаң тартқан. Әсіресе, мұз бетінде сырғанауға әуес балалар мен балықшылар, ішімдік ішкен адамдар жазатайым оқиғаларға көп кезіккендіктен өз өмірлеріңізді қауіп-қатерге тікпей, сақ болуды ескертеді.

АВТОРЫ: АЙГҮЛ БЕКЕТҚЫЗЫ, ОПЕРАТОРЫ: САБЫР ҚҰЛАТАЙ

Тақырып бойынша материалдар

БАЛАБАҚША ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯМЕН ЖАБДЫҚТАЛДЫ
16:59, 13 қараша 2019
БАЛАБАҚША ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯМЕН ЖАБДЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
КАРТОП ПЕН КӨКӨНІС АЛҚАБЫ ҰЛҒАЙТЫЛМАҚ
16:17, 13 қараша 2019
КАРТОП ПЕН КӨКӨНІС АЛҚАБЫ ҰЛҒАЙТЫЛМАҚ
Толығырақ...
БАСКЕТБОЛДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ ӨТЕДІ
16:15, 13 қараша 2019
БАСКЕТБОЛДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ ӨТЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БАЛАҢНЫҢ ТӘРБИЕСІН ОЙЛАСАҢ, ӨЗІҢДІ ТҮЗЕ!
17:36, 12 қараша 2019
БАЛАҢНЫҢ ТӘРБИЕСІН ОЙЛАСАҢ, ӨЗІҢДІ ТҮЗЕ!
Толығырақ...
 «ТУҒАН ЖЕРІМ – ҚАЗАҚСТАНЫМ» ПОЭЗИЯ БАЙҚАУЫ
17:20, 7 қараша 2019
«ТУҒАН ЖЕРІМ – ҚАЗАҚСТАНЫМ» ПОЭЗИЯ БАЙҚАУЫ
Толығырақ...