ШҰҒЫЛ! ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ ҚАТАҢ КАРАНТИН САҚТАЛАДЫ Толығырақ

ҮКІМЕТ АЛДЫНА ҚОЙЫЛҒАН ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР

20:07, 13 шілде 2020

ДК: Мемлекет басшысы жыл басынан бері ұлттық экономиканың күрделі жағдайда дамып келе жатқанын атап өтіп, ел экономикасының жалпы 1,8% төмендегенін айтты. Еліміздегі эпидемиологиялық ахуал әлі де күрделі. Президенттің тапсырмасы бойынша коронавируспен күрес барысында шұғыл мәселелерді шешу үшін қосымша 150 миллиард теңге бөлінеді. Басты мақсат – коронавирус инфекциясының таралуын тоқтату және науқастарды емдеу ісінде нақты нәтижелерге қол жеткізу.

РКС: Мемлекет басшысы жауапты өкілдер тарапынан жіберілген қателіктерді тізбектеп айтып, тиісті шара қабылдады. Нәтижесінде «СК Фармация», Медициналық сақтандыру компаниясының жетекшілері лауазымынан босатылды. Дәрілердің жетіспеушілігі мәселесі жылдам жолға қойылуда.

СНХ: ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ (ТАЙМ-ТИТР): //қазақша// Біз қазір дәрілердің жетіспеушілігі мен оның бағасын қолдан қымбаттату мәселесін шешуге мәжбүр болып отырмыз. Бұл жағдайды тез арада реттеп, барлық өңірді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету керек. Жұмыс жүргізілуде. Енді нәтиже керек. Індет кезінде осындай жолмен пайда тапқысы келгендерді қатаң жауапқа тарту қажет. Менің тапсырмамнан кейін бұл бағытта жұмыс басталып кетті. Оны соңына дейін жеткізу керек. Себебі, бұл – түптеп келгенде, ұлттық қауіпсіздік мәселесі.

РКС: Ел Президенті бұрынғы денсаулық сақтау басқармасына індетті тиісті мерзім ішінде ауыздықтай алмағаны үшін кінә тақты. Денсаулық сақтау ісінің үздігі, білікті дәрігер Серік Кәкенов те қазіргі медицина саласының індет алдында әлсіздік танытқанын айтып, Президенттің сынын өте орынды санайды.

СНХ: СЕРІК КӘКЕНОВ, «SENIM» ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ  КӘСІПОДАҒЫ ҰЙЫМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: //аударма// Мен Мемлекет басшысының Үкіметтің отырысында сөйлеген сөзін толықтай қолдаймын. Қоғамдық мониторинг топтарының талдаулары да бұл шындықты дәлелдеуде. Шынында, дәрілер жетіспейді. Медициналық қондырғылар аз. Төсек орындар жеткіліксіз. Қызметкерлер жетпейді. Емдеу хаттамасына өзгерту енгізу қажет. Ауруханаға жатқызу үшін науқастың анализі Ковидті растауы тиіс немесе өкпесі 30 процент қабынған болуы тиіс. Бұл дұрыс емес.

РКС: Мемелкет басшысы сондай-ақ өрескел қателігі үшін Үкіметті сынады. Екі апта мерзім берді. Үкіметтің алдына ел экономикасын құлдыратып жібермеу міндеті де қойылды. Халықты жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті қолдау мәселесіне баса назар аударылуы керек деді. Бұл жауапкершіліктен Ұлттық банк те тысқары қалмады.  Тиімсіз шығындарға жол бермес үшін бюджет шығыны 1,6 триллионға дейін қысқаратынын айтты.

СНХ: МӘРИЯМ ӘБІШЕВА, «ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: //аударма// Президент назар салған күрделі мәселенің бірі – қаржы көзін Ұлттық қордан бюджетке трансферттеу. Яғни енді бюджетке түсетін қаражат тиімді жұмсалуы тиіс. Елдің экономикалық дамуына да Президент баса мән берді. Соның ішінде кәсіпкерлікті қолдау. Кәсіпкерлерге несиені қолжетімді ету. +Скл Біз облыс кәсіпкерлері аталмыш мәселелердің бәрін қолдаймыз.

РКС: 2021 жылы жер кодексінің жекелеген нормаларына жарияланған мораторий аяқталады. Жер шетелдіктерге сатылмайды. Бұл мәселеге енді оралмаймыз, - деген Президенттің бір ауыз сөзі халықтың еңсесін көтеріп тастады. Қасым-Жомарт Кемелұлы өз мәлімдемесінде ауыл шаруашылығындағы экспорттың әлеуетіне төмен баға берді. Сондай-ақ, қалдықтарды қайта өңдеу көрсеткіші бойынша соңғы орында тұрған Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарын сынға алды.

ЕРДІГҮЛ ДӘДІБАСҚЫЗЫ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, АЛМАС САДУАҚАСОВ «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

КАРАНТИН УАҚЫТЫНДА 120 ТОННА АНТИСЕПТИК ШЫҒАРЫЛҒАН
20:05, 14 тамыз 2020
КАРАНТИН УАҚЫТЫНДА 120 ТОННА АНТИСЕПТИК ШЫҒАРЫЛҒАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АБАЙ КҮНІ – ПАРАСАТ ПЕН ДАНАЛЫҚ МЕЙРАМЫ
20:02, 10 тамыз 2020
АБАЙ КҮНІ – ПАРАСАТ ПЕН ДАНАЛЫҚ МЕЙРАМЫ
Толығырақ...
ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «АБАЙ – РУХАНИ РЕФОРМАТОР»
19:56, 10 тамыз 2020
ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «АБАЙ – РУХАНИ РЕФОРМАТОР...
Толығырақ...