ШҰҒЫЛ! АБАЙЛАҢЫЗ, КӨКТАЙҒАҚ! Толығырақ

ҮКІМЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АГРАРЛЫ АҚМОЛА ӨҢІРІНЕ ЖҰМЫС САПАРЫ

20:27, 14 мамыр 2020

 

ДК: Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Ақмола облысында болып, аграрлы аймақтағы көктемгі егіс жұмыстарының барысымен танысты. Сондай-ақ, Сандықтау ауданынында «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында қолға алынған әлеуметтік-инфрақұрылым нысандарын, соның ішінде денсаулық сақтау, білім беру мекемелерін аралап көрді.

 

ГЕОТИТР: САНДЫҚТАУ АУДАНЫ

РКС: Үкімет басшысы Сандықтау ауданы алқаптарындағы егіс жұмыстарымен, жергілікті ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының материалдық-техникалық базасымен, дәнді және жем-шөп дақылдарын өңдеу мен тазалау, сондай-ақ ет және сүт өнімдерінің өндірісін кеңейту жобаларымен танысты. Биыл аграрлы Ақмола облысы 4 миллион 900 мың гектар жерге дән сіңірді. Егіс жұмыстарына шамамен, 32 мың ауылшаруашылығы техникасы, 16 мың бидай сепкіші, 1 мыңнан астам егіс кешені жұмылдырылған. Айта кетейік, мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Ақмола облысына 68 мың тонна кепілдендірілген жанар-жағар май бөлінді. Шаруалар үшін оның литрі 165 теңгеден.

СНХ: АЛЕКСАНДР ЗАКУСИЛОВ, «СВОБОДНОЕ» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ   ///аударма: Мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге қолдау бар. Соның арқасында биыл жылдық көрсеткіші 6 пайыз болатын несиені рәсімдедік. Бұл бағытта қаржыландыру институттарының жұмысы да жақсы жолға қойылған. Бүгінде біздің өнімдеріміз бүкіл Қазақстанға жеткізіледі. ///

РКС: "Ауыл – ел бесігі" жобасының іске асырылуын бақылау аясында Премьер-Министр Асқар Мамин Сандықтау ауданының Максимовка және Балкашино ауылдарында болып, ондағы  әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын — абаттандырылған тұрғын үйлерді, денсаулық сақтау, білім беру және спорт мекемелерін аралап көрді. Өңір басшысы Ермек Маржықпаев мемлекеттік бағдарламалар аясында облыстың аудандарында жүзеге асырылып жатқан жобалармен таныстырды.

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ  ////аударма: Балкаш орта мектебін күрделі жөндеуден өткізуге 260 миллион теңге бөлінді. Ауданның жолдары орташа жөндеу жұмыстарынан өтуде, оған 70 миллион теңге қарастырылған. Білім беру саласында 3 жоба жүзеге асырылуда. Жалпы, облыстың 19 ауданында түгел құрылыс жұмыстары қызу жүргізіліп жатыр. Сандықтау ауданына «Ауыл-ел бесігі», «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламалары аясында қосымша 650 миллион теңге бөлінді. Жалпы ауданда 19 жоба жүзеге асырылуда. ///

РКС: Сандықтаулық кәсіпкерлер бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін жақсы түсінеді. Ірі шаруашылық өзінің жұмысшылары үшін тұрғын үйлер салуды қолға алған еді. Бүгінде ауылда екі пәтерлі 10 баспана бой көтерді.

Ест шум    //қанша қаржы жұмсағаны туралы сұрайды+жауабы//

РКС: «Ауыл-ел бесігі» жобасы аясында аудандық аурухананы күрделі жөндеуден өткізуге 537 миллион теңге бөлінді. Жалпы, облыс бойынша Целиноград ауданы мен Көкшетау қаласында жаңа емхана құрылысы жүруде. Сонымен қатар Шортанды ауданында амбулатория салынуда.

СНХ: СҮЛЕН ІЛИЯСОВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ//АУДАРМА:///Биыл облыс орталығында дәрігерлерге арнап 40 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы қолға алынбақ. Бұл мемлекеттік жеке меншік әріптестік аясында медицина ұйымдарына қажет құрал-жабдықтар, қажетті қондырғылар сатып алынуда. Бұл мақсатқа республикалық және облыс бюджетінен де қомақты қаржы бөлініп, игерілу үстінде. ///

ГЕО: АҚКӨЛ

РКС: Ақкөл ауданында Премьер-Министр «Петкус» компаниясындағы тұқымдық желілерінің,   егіс жұмыстарының барысымен танысты. «Еңбек» серіктестігінің сүт-тауарлы фермасында мал шаруашылығын дамыту мәселесі қозғалды. Елдімекеннің етті және сүтті бағытта ірі қара мал шараушылығымен айналысатын «Еңбек» серіктестігі бүгінде мал санын ұлғайту ісін жақсы жолға қойған. Ақмола өңірінің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері ет пен сүт жөнінен елордалықтардың қажеттілігінің үштен бірін қамтамасыз етіп отыр. Өңірде ет фермасын құруға байланысты жобаларды жүзеге асырыла бастады, барлығы 7600 бас асыл тұқымды ірі қара мал сатып ала отырып, 111 ет фермасы салынады. 2400 бас ірі қара малға арналған 18 сүт-тауар фермасын ашу жыл сайынғы сүт өндірісін кем дегенде 40 мың тоннаға арттыруға мүмкіндік береді. Үкімет басшысы Ақмола облысына сапары соңындла әлеуметтік мәселелерге баса назар аудару қажеттігін тағы да ескертті. Мәселен, ауылда орта мектеп-балабақшаны жөндеу жұмысы қолға алынған. «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында бұл жұмыстарға 183,5 миллион теңге бөлінген.  Премьер-Министр жалпы алдағы кезеңдегі басым міндет экономиканың өзін-өзі қамтамасыз етілуін арттыруға, шикізаттық емес секторға, тиімді инвестициялар мен қосылған құнның өңірлік және жаһандық тізбегіне кірігуіне негізделген жаңа құрылымын қалыптастыру болатындығын тағы да атап өтті.

 

БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ, ЕРМЕК МАХМЕТОВ КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
19:13, 29 қазан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...
23  ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
18:24, 23 қазан 2020
23 ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...