ШҰҒЫЛ! ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖОЛМЕН ЖЕЛДЕТУ АППАРАТЫНЫҢ ЖАҢА ТҮРІ ШЫҒАРЫЛАДЫ Толығырақ

ҮКІМЕТТЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЛАНЫ ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ АЙТЫЛДЫ

20:29, 14 шілде 2020

ЖҮРГІЗУШІ: 42500 теңгені алу үшін үш күннен кейін өтініштерді қабылдау басталады. Бүгін Үкіметте әлеуметтік жәрдемақыны бұл жолы кімдердің алатыны айтылды. Ол үшін біріңғай жиынтық төлемді төлеу қажет пе? Үкімет президенттің өзге де тапсырмасын орындау үшін не істемек? Тілшіміз айтсын.

ТІЛШІ: Карантин екі аптаға, яғни 2-тамызға дейін ұзарғаны белгілі. Осы уақыт ішінде табысынан айырылған кәсіпкерлер мен жалақысыз қалғандар және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға 42500 теңге төленеді. Оны алу үшін өтініштер еңбеккз, телеграм мен еговкз порталында жұмадан бастап қабылданады. Бірақ карантиннің кесірінен жұмыссыз қалғандар үшін өтінішті жұмыс беруші ғана береді. Ал ешқайда тіркелмей таксист, күтуші, репетитор болып жүргендер өтінішті екінші мәрте өздері толтыруы тиіс. Бірақ өткендегідей біріңғай жиынтық төлемді төлеудің қажеті жоқ.

СНХ: БІРЖАН НҰРЫМБЕТОВ, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ

+Мына көпшілік айтады. Өткенде алдық. Жаңадан өтініш бермей, төлеу салуға болмай ма деп. Өтініш өткізбеуге болмайды деп шештік. Себебі әр өңірде әртүрлі. Кейбір мекемелер жұмыс істеп жатыр.Бұрынтоқтағандар қайта істеді. Оның үстіне кейбір азаматтар болуы мүмкін. Өткен ТЖ кезінде жұмыс істеп, қазір жұмыссыз қалып қалса, олар өтініш беріп төлемді алуы тиіс. 

ТІЛШІ: Төтенше жағдай кезіндегідей әлеуметтік әлжуаз отбасыларға азық-түлік алу үшін ақшалай көмек беріледі. Ал мүгедектігін қайта куәландыру уақыты карантинге тап болған 30 мың азаматтың мүгедектігі автоматты түрде үш айға ұзартылады.Әлеуметтік саланы ғана емес, экономиканы да қолдау көзделген. Мәселен қаржы нарығындағы тұрақтылықты сақтау үшін, Ұлттық банк 1 трлн теңгеге құнды қағаздар сатып алмақ. Ерболат Досаев инфляция деңгейінің төмендеп кетуіне жол бермейміз деп отыр.

(титр қойып қажет емес!!!!)

СНХ: ЕРБОЛАТ ДОСАЕВ, ҚР ҰЛТТЫҚ БАНК ТӨРАҒАСЫ

15:31  2020 жылы инфляцияны 8-8,5 процент дәлізде ұстап тұруға бағытталған ақша-кредит саясатын жүргізу. Ол үшін Ұлттық банк қолда бар құралдарды пайдаланатын болады. +16:06 Бұл ақша кредит саясатын іске асырудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

ТІЛШІ: Оның үстіне бұл қымбатшылыққа жол бермей, бағаны ұстап тұруға да мүмкіндік береді. Үкімет басшысы осыны қатаң тапсырды. Өйткені карантин кезінде бағаны негізсіз өсірген саудагерлер жоқ емес. Әлеуметтік жәрдемақылардың дер кезінде төленуі де маңызды.

СНХ: АСҚАР МАМИН, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ

00:23 Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша шектеу шаралары кезінде табысынан айырылғандар бойынша әлеуметтік жәрдемақы ең төменгі күн көріс деңгейіндегі 42500 теңгені бір айға төлеу туралы шешім қабылдап отырмыз. Еңбек министрлігі төтенше жағдай кезеңіндегідей азаматтардың жекелеген санаттарына азықтұлік өнімдеріне ақшалай көмек беруді жалғастырсын. Бұл бір миллионнан астам адам.

ТІЛШІ: Сондай-ақ премьер кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие беруді жалғастыруды тапсырды. Қыркүйектен бастап «Бизнеске арналған үкімет» бірыңғай сервисі іске қосылып, кәсіпкерлер мемлекеттік қызметтерді «бір терезе» қағидасы бойынша алатын болады.

Тақырып бойынша материалдар

ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖОЛМЕН ЖЕЛДЕТУ АППАРАТЫНЫҢ  ЖАҢА ТҮРІ ШЫҒАРЫЛАДЫ
19:39, 13 тамыз 2020
ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖОЛМЕН ЖЕЛДЕТУ АППАРАТЫНЫҢ ЖАҢА ТҮРІ ШЫҒАРЫЛ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРОВИЗОРЛЫҚ СТАЦИОНАРДАН СОҢҒЫ СЫРҚАТ ЕМДЕЛІП ШЫҚТЫ
19:56, 7 тамыз 2020
ПРОВИЗОРЛЫҚ СТАЦИОНАРДАН СОҢҒЫ СЫРҚАТ ЕМДЕЛІП ШЫҚТЫ
Толығырақ...
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУ БОЙЫНША ҮЗДІК БЕСТІККЕ ЕНГЕН
20:01, 7 тамыз 2020
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУ БОЙЫНША ҮЗДІК БЕСТІККЕ...
Толығырақ...
ЖОСПАРЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ
20:04, 7 тамыз 2020
ЖОСПАРЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ
Толығырақ...